2-тапсырма Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді
берілген сөздермен бастаңыз.
Әр сұрақтың балы жақшада берілген. Тіл сапасына қосымша беріледі.
Мысалы: Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық
не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта
нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі.
Нағыз достық
Жауабы: Нағыз достық достардың біреуінде болатын қызбалық, шабандық,
екіншісінде болатын тұйықтық, жігерсіздік сияқты кемшіліктерді жоюға
көмектеседі, бұл кемшіліктер достыққа еш кедергі келтірмейді.
1. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың
белгісі.
Өзара жауапкершілік
[1]
2. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге
мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге
жәрдемдеседі.
Өмірде кездесетін
люди , экзамен !!