2-тапсырма. Төмендегі ақпаратқа зерттеу жүргіз. Көтерілген мәселеге болжам жаса. Қазақстанда киелі жерлердің картасы жасалды. Картаға еліміз- дегі қасиетті орындар түсірілді. Тізімге Алматының бес бірдей мемлекеттік қорғаудағы жері енді. Оларды «Қасиетті Қазақстан» орталығы іріктеген. Бұл жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылуда.
Тізімге енген орындардың бірі - қазақ батыры, қолбасшы Райымбек батыр кесенесі. Бұл кесене жаугершілік заманда ел, жер үшін жан пида еткен бабаларымыздың ерлігін еске түсіреді.
«Киелі жерлердің картасына Райымбек батырдың кесенесі кірді. Біздің дәуірге дейін сақталған кесене қасиетті орын болып табылады. Ол жерге адамдар келіп құран оқиды. Жалпы Алматыда бұндай орындардың саны көп.