Ана — отбасы ұғымында — балалы әйел, туған шеше; туыстық байланыста — әже, апа, қарындас, жеңге, балдыз, құдағи, құдаша т.б. Ана бейнесі ежелден жыр, аңыз желісі болып келе жатыр. Хауа Ана есімі қасиетті кітаптарға түскен. Хәууа — көне еврей және араб тілдерінде “өмір бастауы”, “әнам” — парсыша (кітаби) адамдар, адамзат, қарапайым жандар деген ұғымды білдіреді. Ананың көшпелілер қоғамында алатын орнын, бітім-болмысын жан-жақты ашып көрсететін мұрағаттарды қадым замандардан көптеп табуға болады. Зерттеушілер Қазақстан жеріндегі археологиялық қазбалардан табылған заттарға, кісіні жерлеу ерекшеліктеріне сүйеніп, ежелгі дәуір адамдарының ұғым-нанымында ру басшысы және ошақ иесі ретінде Анаға табынғандығын жазады. Бұған Қазақ даласынан табылған сүйектен ойып, тастан қашап жасалған әйел мүсіндері куә. Қазақстанның солтүстік-батысындағы байтақ даланы, Оралдың оңтүстігін мекендеген сарматтарды (б.з.б. VІІ—VІ ғ.ғ.) Әйел-Аналардың басқарғандығы жөнінде деректер бар. Қазақ қоғамындағы ел аналары мен әйелдердің жайы осы өңірде болған саяхатшылардың да қаламдарына іліккен. Мыс, Дешті-Қыпшақ даласында болған Ибн-Баттута, Марко Поло т.б. әйелдердің жергілікті тұрғындар тарапынан қатты құрметтелетінін таңдана жазған. Ерлер билігі үстемдік еткен дәуірде де қазақ қоғамында Аналар мерейі төмендетілмеген. Қазақстан жеріндегі Аналар атымен аталған жер-су, кешендер, күмбездер, қалалар, тайпа-ру атаулары бұған айқын айғақ бола алады. Мысалы, Қозы Көрпеш — Баян сұлу күмбезі (Аягөз өзені бойында), Бикен-мұнара (Сырдария бойында), Белең-Ана, Жұбан-Ана күмбездері (Сарысу өзенінің бойында) сақталған. Жеке ескерткіштерді былай қойғанның өзінде, орта ғасырлық талғам-түсінікпен тұтас бір қаланың әйел атымен аталғаны дүние жүзінде сирек кездесетін құбылыс.
Түлкі бикеш мен едім,
аңқауды алдап келемін.
Алау жақса балалар,
мен де билеп беремін!
Қоян:
Мен қоянмын, қоянмын,
аппақ қарға бояндым.
Достар тағы келер деп,
ертеменен ояндым!
Қасқыр:
Қоянға да сенемін,
қозыға да сенемін.
Желе-жортып келемін.
Танысайық, балалар,
қасқыр батыр мен едім!
Аю:
Мен аюмын, балалар,
аю балдан нәр алар.
Ей, балалар, мені де
кешіңізге ала бар.
Ақ тиін:
Мен тиінмін, тиінмін,
ақ мақтадай киіндім.
Ән мен биге үйірмін.
Келіп алыс орманнан,
алдарыңа иілдім!
Лақ:
Лағымын ешкінің,
әдептімін, естімін.
Бүгін мұнда бір қызық
болатынын естідім!