В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
GorunovaSasha
GorunovaSasha
27.09.2020 01:12 •  Қазақ тiлi

2-тапсырма. Өз ойыңды жеткізе отырып «Жастар» тақырыбына Кубизм әдісі бойынша орындап шығыңыз./ Передавая свои мысли, выполняй по методу кубизма на тему "Молодежь".

1)Ассоциация. «Жастар» дегенде көз алдыңа не елестейді? /Ассоциация. Что ты представляешь себе, когда говоришь "молодежь"?

2)Суреттеу. Жастарды сипатта. /Описание. Опиши молодежь.
3)Талдау. ХХІ ғасыр жастарының ерекшеліктерін талда./Анализ. Проанализируй особенности молодежи ХХІ века.
4)Дәлелдеу. Жастардың қоғамның дамуына қосып жатқан үлесін дәлелде. /Доказательство. Докажи вклад молодежи в развитие общества.
5)Ұсыныс. Өзің сияқты жастарға қандай болуға шақырасың. /Предложение. Кем вы приглашаете молодых людей быть такими, как вы?
6)Салыстыру. Мағжан Жұмабаев кезеңі мен қазіргі кезең жастарын салыстыр. /Сравнение. Сравни юность периода Магжана Жумабаева и современность.

Показать ответ
Ответ:
ainashsharipov
ainashsharipov
27.02.2020 07:44

Объяснение:

Көнерген сөздер – күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданылмайтын, бірақ тілдің сөздік қорында сақталған, көпшілікке түсінікті сөздер. Көнерген сөздер көнелену дәрежесі мен себебі және қолданылу сипатына қарай өзіндік лексика жүйесін құрайды. Көнеру дәрежесі бойынша:

а) мағынасы түсініксіз сөздер (байыз – байыз табу, кежеге– кежегесін кейін тарту);

ә) мағынасы түсінікті, бірақ сирек қолданылатын сөздер (бәйбіше, қатын, мыстан, алдаспан) болып бөлінеді.

Көнерген сөздер көнеру сипаты мен тілдегі қолданылу ерекшеліктеріне қарай екіге бөлінеді: тарихи сөздер мен архаизмдер. Тарихи сөздердің көнеруі лауазымдық атаулардың, қоғамдық құбылылыстардың жойылуымен, сондай-ақ, әскери қару-жарақ, өндірістік құрал-жабдықтардың қолданыстан шығып қалуымен байланысты (болыс, сұлтан, барымта, ақ берен, айбалта). Архаизмдер халықтың күнкөріс тіршілігіне, салт-сана тұрмысына, әдет-ғұрпы, дүниетанымына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып, ескіріп, пайдаланудан біржола шығып қалған сөздер (жаушы, дағара, ергенек, саптыаяқ, түмен, асадал, дүрия, патсайы, т.б.). Әйтсе де, қайсыбір көнерген сөздер жаңа мағына алып, сөздік құрамдағы белсенді сөздерге қосылуы мүмкін. Мысалы, жасақ– жасақшы, төре– төреші тәрізді сөздер қосымша жалғану арқылы қайтадан күнделікті қолданысқа ие болды. Көнерген сөздер тарихи өзгеріп отыратын лексика-семантикалық құбылыс.[1][2]

0,0(0 оценок)
Ответ:
mekhronaismatov
mekhronaismatov
27.02.2020 07:44

лайк баса салшы ерінбей жазғаным үшін

Отырар - Қазақстанның орта ғасырлардағы әйгілі қалаларының бірі. Қаланың қалдығы Отырар төбе деген атпен белгілі, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Шәуілдір елді мекенінің жанында орналасқан. Отырар қаласы туралы көптеген саяхатшылардың жазба деректерінде айтылады.

Ежелгі Отырар шұраты Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында орналасқан. Оның жері Сырдарияның орта ағысы тұсындағы жағаларында орналасқан. Орта Сырдарияның алқабы, Тұран ойпатының бір бөлігі, Қызылқұм-Ортасырдария жазығына кіреді.

Шұраттың негізгі су көздері Арыс пен Сырдария. Олардан шығарылған каналдар, қалалар мен мекендерді сумен қамтамасыз етті, егістікті суарды. Тек, судың молдығынан ғана, бұл жерде егіншілік мәдениеті дами алды.

Отырар шұратының орналасқан жері, оның тұрғындарының өміріне әсерін тигізіп отырды. А.Н. Бернштам Отырар, Арыстың Сырдарияға құяр тұсында, Бөгенге жақын орналасқандықтан, қолайлы позицияда тұр және жер суару үшін суы жеткілікті деп дәл айтқан. Бөген мен Арыс бойымен Таласқа, үйсін, кейін қарлық иеліктерінің шекарасына дейін жеткен. Сырдария бойымен жолдар Шаш, Ферғана және Соғдыға, солтүстікке қарай Арал маңындағы аландар арқылы Еділ бойындағы далаға, Таулы Оралға және Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін барған.

Шұраттың солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзындығы 53 километрдей, батыстан шығысқа қарай 54 километрдей. Шұрат территориясында 130 астам ескерткіштер бар.

Отырар ортағасырлық ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби туған аймақ астанасы ретінде кеңінен танымал. Отырар орнында елді мекеннің пайда болуы біздің дәуіріміздің бірінші ғасырларына сәйкес келеді. Алғаш рет Отырар және Фараб атаулары жазба деректерде б.д. IX ғ. кездеседі. X-XII ғғ. кезеңі, моңғол шапқыншылығы тамырын шапқан қалалық өмірдің гүлдену кезеңі болды. 1219 жылы Отырар Шыңғысхан әскерінің соққыларынан құлады. Алайда, Отырар қайта түлеп, XIII ғасырдың ортасында Батыс пен шығыс арасындағы жолда ірі сауда орталығына айналды. 1405 жылы Отырар сарайларының бірінде Темірлан қайтыс болады. Отырардағы өмір XVIII ғасырға дейін жалғасты. Қала жұрттың жалпы сипаты Қазақстан мен Орта Азиядағы ортағасырлық ескерткіштердің көпшілігінің сипатына тән.

Отырарда сонымен қоса ғажайып үлкен қыш ыдыстар хумдар көптеп кездеседі. Олардың кейбірінің үлкендігі адам бойындай зор болып келеді. Ол ғажайып ыдыстарда, құмыраларды астық, жем сақталатын болған. Қазір Отырар қазынасының аса бір көзге елеулі көрінетіні - оның керамикалық ыдыстары, күміс, қола құмғандары және түрлі қыш қақпақ дастархандары. Әсіресе Отырар керамикалары өзінің комозициялық құрылымы жағынан, ою-өрнектерінің күрделігі, ерекшелігі жағынан назар аударады. Қаншама ғасыр өтсе де, табақтардағы бояулар өз сапасын жоймаған. Бояу түрлерінің бір-бірімен жымдасуы, әдемі нақышты өрнегі, жасалу сапасы берік. Кейінгі қазба жұмыстарының нәтижесінде Отырарда сәулетті сарай, мешіттердің болғанын дәлелдейтін олардың қалдықтары аршылып алынады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота