2-тапсырма ЖЖ «Иә - жоқ» әдісі.
Сабақты қорыту барысында Оқушыларға ауызша 10 сұрақ қойылады.
Оқушылар «иә,жоқ» деген жауаптар айтады. 1.Шұға мен Әбдірахман бір-біріне лайық па? 2.Шұға уәдеге берік пе?
3.Шұға арманына жетті ме?
4.Екеуінің қосылмауына әкесі кінәлі ме? 5.Әбдірахман заманға қарсы тұра алды ма? 6.Шұғаның өміріне заман кінәлі ме?
7. Осы заманда Шұғадай махаббатқа тұрақты қыздар кездесе ме?
8.Қазіргі заманда әлеуметтік теңсіздіктер бар ма? 9.Шынайы махаббатқа сенесіңдер ме?
10.Адал махаббат ұғымы мәңгілік пе?
Менің атым Саша. Мен 8-сыныпта оқимын. Өмірде көптеген мамандықтар бар, бірақ менің дәрігер болғым келеді.Мен мектеп бітірген соң мединициналық институтта оқимын деп шештім. Маған адамдарға көмектескен ұнайды. Дәрігер болу үшін жақсы оқу керек. Дәрігер кез келген уақытта көмекке келу керек. Дәрігердің мамандығында да, жұмысында да еш қателік болмау керек. Жақсы дәрігер әрдайым дұрыс диагноз қойып, емделу жолын айтады. Олар өте сақ, қарапайым және шын ықыласты адамдар болып келеді. Дәрігер әрбір науқасты уайымдап, мұқият қарауы тиіс. Менің әжем де, анам да - дәрігер. Мен дәрігер - ең жақсы мамандық деп ойлаймын.
Кез келген халыққа бәрінен бұрын асқақ рух керек.
Садағаң кетейін, айналайын халқым! Сенің мүддең жолында бойдағы қуат, ойдағы нәрдің бәрін сарп етуге бейілмін.
Мен өз халқымның көнбеске көніп, шыдамасқа шыдай білетін төзімділігіне қайран қаламын. Мәңгіліктің қатыгез тасқыны біржолата мүжіп, біржолата үгіп, біржолата шайып әкететіндей талай қилы кезең тұсында қиналса да, аман қала алыпты.
Ең бастысы, тату-тәтті ынтымағы жарасқан көп ұлтты халқымыз бар. Ел дегенде, жер дегенде — білегін сыбанып, іске дайын тұрған азаматтарымыз бар. Сан ғасырлар бойы талай теперішті көрсе де, жайсаң жанын, әсем әнін, күмбір күйін, әдемі әдет-ғұрпын, таза тілін сақтаған ұлтымыз бар. Міне, біздің басты байлығымыз — осы.
Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын.