2.-Жақсы кісілер.Тіпті айтары жоқ,оңды адамдар.Асты-үстімізге түсіп,жандары қалмай жүгіріп жүр.Қонаққа да өңкей тамаша адамдар жиналған екен.
А)Балқыз
В)Азат
С)Жолдас
Д)Әсия
3.Сөзге де,іске де алғыр өжет жігіттің бойында кез-келген адамда табыла бермейтін
ептеген ірілік те бар.Сонда да мансабын көлденең тартып,кергімей,біз сияқты
қарапайым кісімен жылы қарым-қатынаста болуы оның
адамшылығын,азаматтығын білдіретін.
А)Балқыз
В)Азат
С)Жолдас
Д)Әсия
4.Өзінің адресіне айтылып жатқан небір әдемі сөздерді,ықыласыңды салып құлақ
қойсаң,жанарыңа жас үйіретіндей әсерлі тілектерді той иесінің тыңдай алмауы
көңілге біртүрлі өкініш әкелгендей.
А)Алик
В)Ая
С)Ажар
Д)Райхан
5."Міне,қызық...-деймін одан көз алмаған бойы іштей таңырқай түсіп,-
Жарықтық,біздің әжелеріміз бұл кісінің қасында дүниеден түк қызық көрмей,бос
өткен екен ғой әншейін.."
А)Балқыз
В)Азат
С)Жолдас
Д)Әсия
Қазақстанның барлық қалаларынан теледидар және бұқаралық ақпарат құралдарында Ақтөбеде лаңкестердің қолынан құрбан болған азаматтардың жанұя, жақын-туыстарының қайғысына ортақтасып, жұбату айтылуда. Осыған орай біздің кітапхана мамандары мен оқырмандарымыз аза тұту Күні өздерінің қолдау сөздерін айтқан еді.
Малышев Валерий Юрьевич, кітапхана маманы:
my vmeste
- Біз қаза болғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз. Бұндай қайғылы жағдайдың тек біздің елімізде ғана емес, кез-келген басқа елдерде қайталанбауын тілейміз. Ешбір ана өз баласын өз халқына оқ ататын жауыз етіп тәрбиелемейді. Бұндай жағдайда халықты арандатып жүргендердің сөзіне ермеу керек. Қазақстан халқы әрқашан да достық пен бірлікте өмір сүрген. Еліміздегі осы бейбіт өмірді сақтап қалуымыз керек.
Садвакасов Сазызбай, зейнеткер, оқырман:
- Бұндай жағдайдың біздің Қазақстанда орын алуы өте өкінішті. Бұл жағдайдан кейін өзі ауру жүрегім одан сайын ауырды.
Ақтөбеліктер! Қымбатты менің достарым, жолдастар! Бекем болыңыздар! Қайғыларыңызға ортақпыз. Жарақат алған азаматтар тез сауығып кетіңіздер. Осындай қайғылы жағдай болды, яғни біз Қазақстан халқы айналамыздағы болып жатқан жағдайларға мұқият,абай әрі қырағы болуымыз керек. Біздің еліміз береке-бірлігі жарасқан тату ел. Көп ұлтты еліміздің бейбітшілігін сақтап қалуымыз керек. Біз, Өскемендіктер сіздермен біргеміз!..
Ұнатпайтыным- алдыңғы буындағыларға қарағанда жан байлығы аздау сияқты, ұнататыным- олар жаңа технологияларға тез үйренеді, күрделі ақпараттарды тез қабылдайды.
Қазіргі ұрпақтарды алдыңғылармен салыстыра отырып, қазір байлар
мен кедейлерге бөліну қатты білініп тұр деуге болады, бұл жаман.
Қарама қарсы топтағы екі адам бір-бірін түсінбейді, олар тек өте қажет жағдайда ғана араласуы мүмкін.
Менің көзқарасымда менің замандастарыма тәрбие жетіспейтін сияқты. Олар көпшілік жағдайда өздерін ешқандай кедергілер мен шектеулер жоқтай ұстайды.
Көпшілік -қазіргі жастар қайырымсыз деп есептейді. Бұны мен былай түсіндіремін, қазір бәрі интернетке кіре алады, ал интернет кейде адамның психикасын бұзады. Ертеде адамдар бұндай ақпараттан қорғалған еді. Қатыгездіктің тағы бір түсініктемесі- киноэкрандарда, жалпы ақпарат құралдарында, компьютерлік ойындарда: қатыгездік бір шектен шығушылық емес, күнделікті қалыпты әдетке айналуда.
Мен барлық ұрпаққа бірдей мінездеме беру дұрыс емес деп ойлаймын, әр адам өзінше ерекше.
Біз ұрпақ туралы жалпы айтқанда әр түрлі адамдарды қосып жібереміз, мейірімділер мен қатыгездерді, салмақтылармен жеңіл ойдағыларды, ақылдылармен онша ақылды еместерді.
Адамзат мыңдаған жылдардан бері өсіп, дамып келеді және барлық заманда ұқсас сынақтардан өтеді, сонда да әркезде бір тырманы басады. Сатқындық, жалқаулық, махаббат-бұның бәрі жаңалық емес. Айырмашылық тек қоршаған жағдайда. Жағдай өзгерсе- адамдар қарым-қатынасы өзгереді. Мысалы: біздің ғасыр, жоғарғы технологиялар ғасыры, адамдар қатынасына көп өзгеріс енгізді: біз бір-бірімізге қонаққа аз барамыз, балалармен жасөспірімдер аулада ойнамайды. Осының нәтижесінде, бір-бірімізбен қатынасымыз бізден бұрынғылардан өзгеше.