В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Choch121
Choch121
23.11.2022 03:20 •  Қазақ тiлi

2- жазылым "Менің бір күнім"тақырыбында
күн тәртібіңді жаз. Мәтінге көмекші есімдерді орнымен пайдалан. Мәтін көлемі 150 сөзден жасалу қажет.​

Ребята с казахским


2- жазылым Менің бір күнімтақырыбындакүн тәртібіңді жаз. Мәтінге көмекші есімдерді орнымен пайдала

Показать ответ
Ответ:
Gummanitarii
Gummanitarii
16.07.2020 14:18

Әркімнің туған жері –Мысыр шаһары деп,бекер айтылмаса керек.Қасиетті де киелі, қазыналы өлке, ару қалам Атырау – менің ата-бабамның мекені.Атырау қаласы – облыс орталығы. Тарихы сырға толы қалам Каспий теңізінің жағасынан қырық километр жерде Жайық өзенінің тармақтала біткен атырауын алып жатыр. Бүгінгі күні сүйікті қалам адам танымастай өзгеріп, а таңқалдыруда.Кейде өзімде қаламның көркіне сүйсініп риза боламын.Әсіресе мереке кездері гүлдермен , жалаушалармен, шамдармен безендіргенде:

Ер еңбегі шалқып, тасқан,

Ел еркіндей бақыт тапқан.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем! –деген өлең жолдары ойыма түсіп, туған жерімнің көркіне риза боламын. Себебі туған жердің әрбір тасына дейін қасиетті,киелі.Атырау қаласының бет-бейнесі өзгеріп, көше мен жолдар жаңартылды.Көптеген құрылыстар салынып, тұрғындар жаңа пәтерлерге қоныстанды.Атырау халқы Атырау облысының әкімі Бергей Сәулебайұлы Рысқалиевқа дән риза.Оны мен теледидардан көріп, ба өз бетінен оқыдым. Осындай елін ойлайтын ағаларым көп болса ғой,шіркін!

Менің туған жерімнің халқы да өз елін сүйеді, оның дәлелі үш жарым ғасырдан астам болған туған қаласын аялап, оның өркендеуіне, көркеюіне қолдан келгенін аямай қызмет жасап келеді.Құтты мекен Атырау аймағының гүлденіп, жасаруына сексен төрт ұлттың өкілі тату өмір сүріп, еңбек етуде.Біздің халық – қонақжай, бауырмал,ақ көңіл халық.Біздің бауырмалдығымызға сенген алыс –жақын шетелдің адамдары менің өлкеме келіп, жұмыс жасауда. Талай қиыншылық кезінде де біздің халқымыз өзге ұлт өкілдеріне көмектескен.Менің нағашы әжем : «Ұлы Отан соғысы кезінеде ата қонысынан қуылған шешендерді паналаттық.Біздің үйде шешен қызы болды.Өзі сондай өнерлі. Біздерге шәлі тоқуды ,әдемі өрнектерді салуды үйретті.Өзі ақылды,сабырлы болатын,қолынан келмейтіні жоқ.Соғыс біткен соң еліне кетті,»- деп айтып отыратын.

А ң татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын қазақ халқының мінезінен жаралған.Осында тұрушылардың барлығы қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі келек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғы көркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
BRB987
BRB987
22.11.2020 08:39

Тастанбекқызы Сара (1878-1916) - айтыскер ақын. Туған жері қазіргі Алматы облысының Қапал ауданы. Руы-Найман.

Сара Тастанбекқызы Абайдың көзін көріп, онымен замандас болған тұлға. Оның өмір жолын оқып, ауыр тағдырына үңіліп көрсеңіз сол кезеңдегі әйел теңсіздігінің қандай болғанын шамалайсыз. Расында да, Сараның басына түскен тауқыметті екінің бірі көтере алмас еді. Ол үш жасында әкесінен айрылып, анасы екеуі жетімдік пен жоқшылықтың зардабын көрді. Бұларды алғашында қамқорына алған немере ағасы Жайсаңбекке де жала жабылып, ол ертеректе қамалып кеткен болатын.

Онсыз да әбден қиыншылықта бой жеткен қыз бен оның жесір анасын Тұрысбек қажы деген кісі алғашында өз ауылына көшіріп әкелген. Кейін ол Сараны кеміс туған бай баласы Жиенқұлмен атастырып, одан қыздың қалыңмалын алады. Мұны естіген Есімбек қажы дау шығарып, Сараны өз ауылына көшіреді. Алайда, бұл жағдай ақын қыздың өмірін жеңілдеткен жоқ.

Тек Біржан салдың Сара ауылына келген сапарынан кейін ғана жетімнің өмірі өзгере бастады. Барлығы да осы екі ақынның айтысынан кейін, әрине. Таңды таңға ұрып айтысқан Біржан мен Сара сол маңдағы бүкіл жұртты тамаша өнерімен тамсандырған. Нәтижесінде ақын қыздың абыройы ел алдында бірден көтеріліп, халықтың оған қошеметі артты. Сараның тағдыр тізгінінің өз қолдарынан сусып шығып бара жатқанын сезген қажылар да көпке көренеу қарсы шыға алмай, оның басына бостандық береді. Сөйтіп ақын Сара өзінің асқан дарынының арқасыңда теңдікке қол жеткізіп, он тоғыз жасында өз теңі Алтынбекұлы Бекбай дегенге тұрмысқа шығады.

Сара мен Абайдың кездесуі жайында «Абай жолы» романында айтылады. Ұлы ақынның перзенті Әбіш қайтыс болғанда Найман елінің игі жақсыларымен бірге Сара да Абай ауылына келеді. Алайда ақын қыздың өзі де мұнан кейін көп ұзаған жоқ, жастайынан әбден қиындық көріп өскен ол ауруға шалдығып, ерте көз жұмған. Оның артынан "Жүрек", "Ашындым", "Арсалаң аға алдыңда", "Жүрек сыры", "Жайлауда", "Әбіштің аруағына", "Хош бол, елім" секілді көптеген өлендері мен "Тұзақ" атты дастаны қалды.  

Адамның мен де сондай ұқыбы жоқ,

Құр тілді санап жүрген көңіліне тоқ.

Қағазға жалғыз сөзім түспеген соң,

Ұмтылып қалар Сара құр аңыз боп.

Сара апа, сіз ұмытылмадыңыз. Сізді есте сақтап құрмет тұтатын адамдар бар әлі күнге дейін.

Сара Тастанбекқызының өлеңдер жинағы мен кітабы бар.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота