20. Емлеге сай жазылған есімдіктер қатарын табыңыз. А) Еш уақытта, еш қашан
В) Әлде кім, әр адам
С) Әркім, ешқайда
Д) Кей ағаң, кей біреу
Е) Бүгін, еш теңе
21. Дара есімдікті табыңыз.
А) Олар ертең сабаққа бармайды.
В) Марат өз-өзіне сөз берді.
С) Ертең ешкім ешқайда бармайды.
Д) Әрдайым сабақ оқы.
Е) Әлденеше рет қайталанды.
22. Есімдік сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр?
« Батырлар есімі ешқашан ұмытылмайды».
А) Толықтауыш
В) Баяндауыш
С) Пысықтауыш
Д) Бастауыш
Е) Анықтауыш
Саққұлақ.
(1) Біздің отбасымыз ауылдық жерде тұратындықтан ит асырағанды жөн көреді.Мен дүние есігін ашқаннан бері аулада менімен бірге өскен, отбасымыздың кезекті "күзетшісі" – Саққұлақ болды.Бір білерім ол мен ес білгелі жанымда.Өте ақылды да сақ ит болды.Көп үрмейтін де.Оның сыртқы бейнесіне келсек,ол түгелімен қара түсті болды.Қара болғанымен,өте сүйкімді еді.Оны отбасымызбен жақсы көрдік.
(2) Қыстың бір күні ол үйге ақсақ күйде оралды.Сіңілім екеуміз үйден атып шықтық.Сөйтсе,иттің аяғын жеңіл көлік басып кетіпті.Атам Саққұлақты шөптің үстіне жатқызып,үстіне артылып қалған көрпелерді жауып жатыр екен.Не дегенмен қыс қой,күн суық.Бәріміз Саққұлақ үшін уайымдаған едік.
(3) Көп ұзамай сүйікті итіміз аяғының әсерінен мерт болған еді.Одан кейін екі итті асырадық.Бірақ ешқайсысы Саққұлақтың орнын баса алмаған еді.
(1) – оқиғаның басталуы
(2) – оқиғаның дамуы
(3) – оқиғаның аяқталуы.