Мәртебесі биік ақиық ақын Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның шын аты — Мұхаметқали, бірақ ата-анасы пайғамбар атымен жүру ауыр тиеді деп сәби күнінен "Мұқағали" деп еркелеткен екен.
Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады. Жастайынан әдебиетке құштар болып, алғашқы өлеңдерін 14 – 15 жасынан бастап жаза бастайды. Ақынның тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”, “Қойшы бала — Әкітай” ауданындағы 1949 жылы “Советтік шекара” газетінде жарияланды. Ал алғашқы жыр жинағы 33 жасында шыққан екен.
Аз ғұмыр кешкенімен бірнеше лирикалық жыр жинағы мен дастандарын жазған. Бүгінде лирик ақынның 1000 – нан астам өлеңі мен поэмасы қалды. Ал жыр аудармасы саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің «Құдіретті комедиясын» қазақшалады.
Мұқағали поэзиясының қайнар көзі басты тақырыбы туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары болды. Осы айтылғанның бәрін Мұқағали тек өзіне ғана тән қайталанбас шеберлікпен, асқан поэтикалық үйлесіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, артынан келер ұрпаққа өлмес мұра ретінде қалдырған.
✔жақ – 1) челюсть; щека; 2) сторона; 3) лицо (лингвистический термин) ; 4) лук (оружие) ;
✔ жас – 1) слеза; слезный; 2) молодой, юный; малолетний, маленький, малый; 3) свежий, нележалый; 4) годы, лета (при определении возраста) ; 5) юность, молодые годы;
✔ жастық – 1) подушка и 2) молодость, юность;
✔ қас – 1) бровь; 2) лука седла; 3) враг; неприятель; враждебный; недружелюбный;
✔ көк – 1) небо, небосвод; создатель; 2) синий, голубой, сизый; сивый, серый (о шерсти; оперении; масти лошади) ; зеленый, незрелый (о растениях) ; синева, синь; зелень, молодая трава; овощи; 3) тесьма из сыромятной кожи для скрепления кереге; звено в кереге, которое скреплено тесьмой.
✔түс – 1) сон, сновидение; 2) полдень, обед; 3) цвет, оттенок; масть; вид, внешность; 4) потомство одногорбого верблюда-самца и двугорбой верблюдицы; 5) косогор.
Синонимдер:
✔ адал, ақ жүрек – чистый, годный;
✔ жау, дұшпан, қас – враг, неприятель;
✔ қария, қарт, данышпан – старец, мудрец;
✔ селдір, сирек – редкий, редко;
✔ табыс, кіріс – заработок, доход, прибыль;
✔ тәмамдады, аяқтады, бітірді – закончился.
Мұқағали Мақатаев.