2014 жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің шешімімен 18 мамыр «Түркі жазуы күні» деп жарияланып, Үкімет шешімімен бекітілді. Бұл датаның таңдалу себебі, дәл осы күні ежелгі түркі сөздері жазылған Күлтегіннің көк тасының көшірмесі Моңғолия даласынан Астанаға әкелінген болатын. Бұл жөнінде Астанада өткен түркі жазбалары мен мәдени күндерінің аясында Кимек мемлекетінің 1100 жылдығына арналған «Еуразия қыпшақтары: тарих, тіл және жазба ескерткіштері» халықаралық ғылыми конференциясында түркітанушы ғалым Алдан Смайыл мәлім етті: «Көне жазулардың тарихын мектеп оқушылары білмейді. Біз соны осы күнге дейін тереңдетіп оқыта алмай отырмыз. Сонда не істеуіміз керек? Осының барлығын ойлай келе, өткен жылы Үкіметке тағы да хат жолдадық. Хаттың негізгі мақсаты – руна жазуының күндерін біз арнайы өткізуіміз керек. Ғылыми тұрғыда, салтанатты тұрғыда дейсіз бе, әйтеуір өткізуіміз қажет», – деді ол. Ғалым, осы ретте, славян елдерінің бізге үлгі көрсетіп келе жатқанына талай жылдың болғанын атап өтті. «Славян жазуы күнінің халықаралық деңгейде өткізіліп келе жатқанына он жылдан асып кетті. Олар жай ғана өткізбей, славян мәдениетінің ұлылығын дәлелдеуге арнайды. Әлемде тек қана бір тіл ғана болған сияқты, ол славян жазуы сияқты өткізеді. Соған әлемдегі бүкіл славянтанушы ғалымдарды шақырады, тіпті барлық республикада, Қазақстанның өзінде өткізіп келе жатырмыз. Целиноград қаласы болып тұрғанда, славян жазбасының күні осы жерде өтті. Ал руна-сына жазуы туралы ештеңе демейміз. Сол тойлар өтіп жатқанда, іштей қынжылатынбыз. Одан да бұрын пайда болған көне жазуымыз бар. Тіпті кейбір ғалымдардың дәлелдеуінше, грек әліпбиіне, кириллицаға негіз болған руна жазуын неге дәріптемейміз деп іштей толғанатынбыз», – деп ой бөлісті түркітанушы. Осыған байланысты ғалымдар таяуда тағы да республика Премьер-министріне сауал жолдаған. Олар сына жазуының, жалпы түркі жазбаларының тарихын мектепте және жоғары оқу орындарында тереңдеп болмаса да, жеткілікті деңгейде оқыту қажеттігін алға тартқан. Ол үшін арнайы ғылыми-әдістемелік бағдарлама әзірлеу керек. «Екіншіден, Қазақстанда жыл сайын сына жазуы күнін атап өтуіміз керек. Осыған тек қана біз емес, түркі тілдес елдердің ынтымақтастығы кеңесі, халықаралық түркі академиясы, түркі тілдес елдердің парламенттік ассамблеясының күшін біріктіре отырып, түркі әлемінде өткізу туралы ұсыныс жасаған едім. Біздің ұсынысымызды мақұлдаған жауап алып отырмыз», – деп сөзін түйіндеді түркітанушы ғалым.
Сұрақтар:
1) Көне руна жазуын мемлекеттік деңгейде атап өту туралы мәселені кім қайда қашан көтерді?
2) Бұл бастаманы қолдаушылар көне руна жазуының күндерін арнайы атап өту не үшін маңызды деп санайды?
3) Көне жазулардың ішінде ұзақ жылдар бойы аталып, ерекше тойланып келе жатқандары бар ма?
4) Көне руна жазуының мәртебесін көтеру мақсатында ел ағалары қандай шаралар атқаруда?
Бұл ағаш манцинелла деп аталады.Оның айналасында қызыл ленталар жиі байланып тұрады-бұл адамдарға ағаштың маңына жақын жолауға болмайды деген белгі.
Ол ағаштың маңынан екі метрдей қашықтықта жүрген жөн. Оның жемісі "ранетка" алмаларына ұқсас, оның дәмін татқан адамға бірден жедел жәрдем көмегі қажет болады. Манцинелла ағашынан бөлінетін сүтті сөл адам терісін күйдіріп жібереді.
Қабығы да улы, манцинелла ағашын өртесе, оның түтінінен көздің соқыр болып қалуы мүмкін. Осы айтылған мәліметтердің арқасында, манцинелла ағашы қазіргі кезде "Гиннестің рекордтар кітабына" әлемдегі ең қауіпті ағаш ретінде енген.
ҚР-ның мемлекеттік тілі Қазақ тілі және қочымша Орыс тілі. менінге . қазіргі таңдағы қазақстанның тіл мәселесі құлдық санада қалған қадақтардың кесірінен. қазақтардың жартысынан көбі орысша сөйлейді. неге? өйткені олар құлдық санада қалған. олар орыстармен қалай қазақша сөйлеймін деп тйлайды да , 1 орыс тұрған жерде 10 қазақ орысша сөйлеп тұрады. бірақ орыстар олай емес. Қазақ тілінің деңгейін көтеру үшін орыс тілін қолдануға тыйым қою керек деп ойлаймын. өйткені қазіргі қазақтардың басым көпшілігі ана тілі борышын дұрыс өтемейді. тіпті мүлде!