Қазақстан жеріндегі тұңғыш теміржол магистралі 1894 жылдың 25 қазанында Покров слободасы (бүгінде РФ Саратов облысындағы Энгельс қ.) - Орал тар табанды темір жол телімінің құрылысы аяқталғаннан кейін ашылды. Осы жолдың 130 шақырымы қазіргі Қазақстан жері арқылы өткен. Арада 4 жыл өткеннен кейін Урбах-Астрахан тар табанды темір жол іске қосылды. Мұның да 77 шақырымы қазақ даласын басып өтті.
Солтүстік Қазақстанның дамуы үшін 1891-1896 жылдары салынған Транссібір магистралінің, дәлірек айтқанда, оның «қазақстандық» 190 шақырымының маңызы зор еді. Бұл жол қазақ пен орыс халықтарының экономикалық және мәдени жақындасуына үлкен үлесін қосты.
1901-1906 жылдары Қазақстан жерінің 1660 шақырымдық аумағын алған, Орта Азия мен Ресейдің орталығын қосатын, Орынбор-Ташкент темір жолы салынды.
1914-1917 жылдары болашақ Түрксібтің бір бөлігі Жетісу жолының Арыс-Пішпек телімі салынды.
1915 жылы Челябинскі-Троицкі-Қостанай (Қазақстан арқылы 166 км.) магистралі салынды.
1915-1917 жылдары соғылған Алтай темір жолының (Новосибирск-Семей) 122 шақырымы Қазақстан жері арқылы өтті. Бұдан басқа 1918 жылға дейін 117 шақырымдық Екібастұз-Ермак тар табанды темір жолы жұмыс істеп тұрды. 1918 жылға қарай Қазақстан аумағындағы шойын жолдың жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырымға жетті.
Кеңес заманының алғашқы темір жолы 1920-1922 жылдары салынған Петропавл-Көкшетау телімі болды. Қазақстанның түкпірдегі аймақтарын дамыту және астықты шығару қажеттілігіне байланысты 1926-1931 жылдары Бурабай-Курорты және Ақмола стансалары арқылы Қарағандыға дейін жалпы ұзындығы 700 шақырымнан асатын жол салынды. 1924 жылы Құлынды-Павлодар теміржол желісі құрылды. Ембідегі мұнай кәсіпшілігінің дамуына 1926 жылдан басталған Гурьев-Доссор тар табанды жолы ықпал етті.
1927-1930 жылдар аралығында салынған ұзындығы 1444 км Түркістан-Сібір (Түрксіб) магистралінің аяқталуы заманалық оқиға болды. Ол Қазақстанды Сібірмен байланыстырып, республиканың экономикалық дамуына және шөлді жерлердің игерілуіне әсер етті.
Орталық Қазақстан өңірінің өндірісі үшін 30-шы жылдары салынған Ақмола-Қарағанды, Қарағанды-Балқаш (490 км), ал оңтүстік үшін Шымкент-Ленгір жол телімдері зор маңызға ие болған. Алтай тау кен өндірісінің дамуында 1930 жылы салынған Локоть-Защита (235 км), сосын Лениногорскіден Зыряновскіге дейін созылған жол шешуші рөл атқарды.
Ғылыми стиль (научный стиль) ғылыми еңбектерде, ғылыми , лекцияларда қолданылады.(применяется в научных трудах,лекциях) заттар мен құбылыстардың жалпы ерекшелігін ашып, мәлімет беру. (дать общие понятия вещей и явлений) дәлелді, зерттелген тура мағынада алу. (доказан, исследован, смысл понятен) ғылыми термин-дерді қолдану, хабарлы сөйлемде қолданылады. (использование научных терми-нов, повествова-тельных предлож) 2. ресми іс- қағаздар стилі (официально-деловой стиль) 3. публицистика- лық стиль (публицистический стиль) іс-қағаздар-да, нұсқау хаттар мен кеңсе құжат -тарында қолданылады(использ. в деловых бумагах, инструктив-ных письмах, документах) газет-журналда, жиналыстарда, бұқаралық ақпараттық құралдарда қолданылады. (применяется в газетах-журналах, собраниях, сми) хабарлау, анық мәлімет беру. (объявлять, давать конкретную информац.) көпшілікке әсер ету, құбылыстардың, оқиғаның мәнін ашу, оларға көпшіліктің назарын аудару. (влиять на общественность, привлекать их внимание к явлениям, событиям) ресми, анық, дәл. (официаль-ность, точность)шақыру, үндеу, нақтылық. (призывать, точность) кітаби, ресми сөздер мен тіркестер, хабарлы сөйлемдер, терминдер.(книжные и официаль-ные слова и сочетания, повествова-тельные предложения, термины) 4. көркем әдебиет стилі(стиль худож. ) көркем шығармаларда қолданылады.(применяется в художествен- ной )құбылыстар мен заттарды суреттеу, бейнелеу. (описание явлений и событий)образды, эмоционалды, экспресивті.(образное, эмоциональное,экспрессивное) ауыспалы мағына, көркемдік тәсілдерін, суреттеме құралдарын пайдалану /теңеу,мета-фора,эпитет, метонимия синекдоха т.б./(использование переносных значений, худо-жественных методов, /сравнение-метафора т.д/ 5. ауызекі сөйлеу стилі(разговор- ный стиль) еркін әңгіме кезінде қолданылады (применяется при общении) қатынас жасау.(для общения) сөздер мен сөз тіркес-терін еркін қолдану. (свободное использова-ние слов и сочетаний)қарапайым сөздерді еркін қолдану, сұраулы, лепті сөйлемдерді жиі қолдану, диалогқа құрылу.(свободное использова-ние слов, частое использование вопросит. восклицат. предложен.построение диалога)