2019 жылдың деректеріне сүйенсек, Қазақстанда 4 мыңға жуық кітапхана бар. Оның 21-і – ғылыми кітапханалар. Ал 3915-і – әмбебап, яғни, көпшілік кітапхана. Көп кітапханалар Түркістан облысы (390), Батыс Қазақстан облысы (370), Ақмола облысы (365), Қостанай облысы (350) мен Солтүстік Қазақстан облысы (323), Қарағанды облысы (317), Шығыс Қазақстанда (305) орналасқан. Алматы қаласында 31 кітапхана, Шымкентте 41 кітапхана, Нұр-Сұлтан қаласында 24 кітапхана орналасқан екен.
Қазақстандағы кітапханалардың барлық кітап қорын қосқанда – 112 млн кітап қоры шығады. Оның ішінде 28 миллион кітап қазақ тілінде, қалған 70 миллионы – орыс, ағылшын, француз және неміс, кейбірі қытай тілінде жазылған кітаптар.
ҚР Ғылым және білім министрлігіне қарасты Орталық ғылыми кітапхананың құрылғанына биыл 89 жыл толады. Алматы қаласының Ғылым орда кешенінде орналасқан. Бұл ғылыми кітапхананың міндеті – елдің ғылыми кітаптар қорын құру мен ғылыми жаратылыстану бағытындағы ағартушылық қызметтерді атқару.
Кітапхана қоры ұлттық және шетелдік басылымдар, диссертациялар, ғылыми еңбектер және Қазақстан ғалымдарының жеке кітапханаларының аса бай жиынтығынан тұрады. Қолжазба түпнұсқадан бастап электронды ақпарат нұсқаларына дейін бірталай деректермен қамтылған. Кітап қоры – 5,7 миллион, соның ішінде, сирек кітаптар қоры – 91 мың дана, қолжазбалар қоры – 22 мың дана, шығыс әдебиеттері қоры – 10 мың дана.
Ең ескі қолжазба ХІІ ғасырда жазылған кітап. Мұнда ХVІ-ХХ ғасырларда басылған кітаптар бар.
2 - тапсырма. Мәтіннен есімдік пен үстеуді теріп жазып, мағыналық түріне ажыратыңдар.
Есімдік
Сөздер. Мағыналық түрі.
Үстеу
Сөздер. Мағыналық түрі.
Вот ответ
Объяснение:
(((((((((((((((((