21? 1. Не пайда дүниенің кеңдігінен,
Болмаса бостандығы бір басыңның, деген өлең жолдарын халық
аузындағы «Аяқта аяқкиімің тар болса егер, не пайда дүниенің кеңді-
гінен» деген жыр жолдарымен салыстырайық.
2. Екі өлеңдегі ортақ ойды анықтап, бүгінгі күн тұрғысынан баға берейік.
тауының солтүстігінде орналасқан тау. Бурабай ауданы жерінде. Алыстан таудың нобайы сақтықты ойлап дулығасы мен болат сауытын шешпей мәңгі ұйқыға кеткен сақалды батырдың бейнесін елестетеді.
Аңыз бойынша ертеректе алып күш иесі, арманшыл бір батыр осы өңірде өмір сүріпті. Жас кезінде уайым-қайғы дегенді елемей өзінше думандатып өмір сүреді. Ер жеткенде жоқшылық пен халық мұңын көріп, қабағын кірбің шалады. Туған жеріне жоңғарлар мен қалмақтар жиі-жиі шапқыншылық жасап отырған. Ауылдардың шаңын аспанға көтеріп, астан-кестең қиратып, жау әскері төрт-түлік мал табындары мен қорғансыз адамдарды айдап кетеді. Ал ел іші бір-бірімен қалыңдық пен жайылымдыққа таласып, күнде қырқысып, ауыз бірлікке келе алмайды. Бұны көрген жас батыр бәріне қолын бір сілтеп, ауылдан кетуді ойлайды. Еркін жүріп, бақ пен байлық іздегісі келеді. «Мүмкін болса ауылдастарыма жақсылық жасасам сонда олар тынышталар ма еді» – деген оймен кетпекші болып, өзіне болат қылыш пен дулыға, үстіне сауыт соғып киіп, бақыт іздеп жолға шығады. Жол үстінде Жеке батырға басқа ауылдың батырлары жолығады. Олар да бақыт жолына жалғыз шыққан екен. Жаумен бірінші болып қазақ батыры жолығады. Қалың қол оның алдын бөгеп, қоршауға алады. Ол жаумен ұзақ шайқасады. Жау қара масадай құжынап, шегірткедей үймелеп, батырдың үстіне шығып кетеді. Оның көзі көрмей, құлағы естімей қалады. Сонда ғана ол бақыт үшін жалғыз күресудің қате екенін түсінеді, аһ ұрып өкінеді. Алып тұлғалы батыр әл-дәрмені құрып, туған даласына шалқасынан құлап түсіп, тасқа айналады, мәңгілік ұйқы- ға беріледі. Жеке батыр бетегелі далада тас болып жатыр.
1)Жері байдың – елі бай
Қазақтың жері өзінің даласындай дарқан, көңіліндей кең. Сол жердің асты мен үсті байлыққа толы. Оның қойнауында Менделеев кестесіндегі 110 элементтің 99-ы анықталып, 70-і барланып, 60-ы өндіріледі. Кеңес елі тарағанда, біздің жерде хром кенінің әлемдегі 90%, бариттің 82%, фосфориттың 65%, вольфрамның 38%, қорғасын мен цинктің 33%, мыстың 26% қоры қалған еді. Біз әлемде мұнай, газ, титан, қалайы, уран, алтын, т.с.с. қазба байлығы бойынша бай елдің біріміз. Сарапшылардың есебі бойынша бізде бағдарланған жер қойнауының байлығы АҚШ долларымен есептегенде 10 триллион болады екен (салыстырып көріңіз, ел жылына 200 млрд қана доллардың шамасындағы өнім өндіреді). Біз қазба байлығы жөнінен әлемде бесінші орында тұрмыз.