23. Өзің сияқты оқушының жазғанын оқы. Ұшқыш болу үшін тек білімді болу жеткілікті ме? Қай сөйлемдерде жеткіліксіз мәлімет «Кім боламын?» деген сұрақтың жауабын тапқан сияқ- жеріне тез жеткізетін ұшақты басқарғым келеді. Әрине, ол үшін білім керек. Мен қазірден бастап жақсы оқып, кездеседі? Сен қалай түзер едің? тымын. Қазір асығып жүретін адам көп. Соларды баратын мектепті, жоғары оқу орнын үздік бітіруді мақсат еттім Біліміме сенсем – ұшқыш боларым сөзсіз.
Әрбір адам үшін ең асыл қазына- отанын, туған елін сүю. Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық , ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім — тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы — тұл, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы — батыр халық».
Қазақ халқын құрып кету қаупінен сақтап қалған, жерін жауға бермей, ұлан байтақ өлкесін қазақ еліне мәңгі қоныс ету мақсатында жарғақ құлағы жастыққа тимей, елім деп еңіреп өткен хас батырлар қаншама десеңізші! Бұлардың ерлігі біздерге қашан да болса өнеге болмақ. Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай еңбек етуі қажет. Отаншылдық сезім ертеден қалыптасқан, ескірмейтін, мәңгілік, қасиетті ұғымды Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы бар күш – қуатын, ерік-жігерін Отан игілігі мен мүддесіне аямай жұмсау, туған жерін, қасиетті ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрметтеу деп түсінемін. Әрбір а кезінен
Қазақстанның кең байтақ дархан даласы әлі күнге дейін толық зерттелмеген, сыры ашылмаған құпияларға толы. Кең байтақ жеріміздің аумағында табиғаттың көз тартар небір құбылыстары мен қайталанбас өзіне тән ерекшеліктері бар. Солардың бірі «әнші құм» (кейбір деректерде Айғай құм) – Алматы облысы Кербұлақ ауданы жеріндегі Іле өзенінің аңғарын бойлай орналасқан Үлкен Қалқан тауы және Кіші Қалқан тауы етегіндегі құмды төбе, Алматы қаласынан 250 шақырым қашықтықта орналасқан. Биіктігі 150 м-дей, ұзындығы 8 км, ені 3 км-ге дейін жетеді. Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп отыруы нәтижесінде құм түйіршіктері електеніп, бірегей құм қо тұратын төбеге айналған.
«Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Айғай құм немесе Әнші құм» атты құмды төбені өз қамқорлығына алған. Кейбір деректерге сүйенсек, «Алтынемел» ұлттық қорығы кезінде Шоқан Уәлихановтың Қашқарияға сапарында пана болған деседі.
Ал енді бұл өңір неліктен «әнші құм» атанып кетті екен? Осыған тоқталып көрейік. Бұл құмның бір ерекшелігі – құрғақ күндері әуенді дыбыстар шығарады. Оның әуені бірнеше шақырымдарға жайылып, алыстан да естіліп тұрады.
Кейбір пікірлерге сүйенсек, құмның ұсақ бөлшектері бір-біріне үйкелген кезде осындай әуенді дыбыстар шығады екен: жеңіл самал жел шиқылдаған дыбыстар шығарса, қатты жел орган дыбысына ұқсас әуен шығарады. Алайда, желсіз күнде де құмның әуенін тыңдауға болады. Осы сиқырына байланысты, құм жайында көптеген аңыздар пайда болған. Құмның тағы бір ерекшелігі – ол басқа құмдар сияқты орнын ауыстырып, көшіп жүрмейді, керісінше, мыңдаған жылдар бойы Алтынемел аумағында, бір орында тұр.
Осындай табиғи ерекшелік әлемнің басқа жерінде жоқ деп айтсақ та болатын шығар. Тіпті кезінде Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан бұл табиғат ескерткішіне жолаушылар әдейілеп ат басын бұрған деседі.

Әнші құм