Түркістан – V-VІ ғасырларда іргетасы қаланған. Есім ханнан бастау алып, XІV-ХVIIІ ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған. Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. ХІV ғасырда Ақсақ Темір іргетасын қалаған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бар. Бұл қалада Қожа Ахмет Ясауи өзінің уағызшылық қызметін жүргізген. Кесене аумағында Қаз дауысты Қазыбек би, Абылай хан, Есім хан, Хақназар хан, Тәуке хан, Қанжығалы қарт Бөгенбай батыр тағы басқалар жерленген Қаланың іргетасы біздің заманымыздың 1-мыңжылдықтың бас кезінде каланған. Сондықтан тарихи әрі киелі жер деп аталады.
Түркістанның ежелгі аты — Ясы.
Ас-Суюти Түркістанға қоса Ясыны да атайды. Көптеген араб тілді кітаптар Ясы туралы айтқанда “бұл қасиетті қала – шығармашылығы исламның рухани мұрасын байытқан атақты адамдарды дүниеге әкелді” деп оған жақсы баға береді.
Абай Құнанбайұлы (1845-1904) – ұлы ақын, жазушы, қоғам қайраткері, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін қалаушы. Абай халықтың ағарту ісін өркендету үшін шығыс және батыс мәдениетін жан-жақты зерттеп, сол мәдениет негіздерін өз халқына үлгі-өнеге етіп көрсете білді.
Ұлы Абайдың қара сөздері қазақтың ұлттық педагогикасына асыл арна болып қосылған педагогикалық (тәлім-тәрбиелік) тұжырымдар. Абай өлеңдері еңбекке, ғылым, өнер үйренуге, адамгершілікке тәрбиелейді. Абай отандық мәдениетіміз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады.
Көпшілік оқырман қауымын ұлы ақынның мол творчестволық мұраларымен таныстыруға бағытталған көрсеткішке Абайдың әл-Фараби кітапханасының қорында сақталып келе жатқан шығармалары мен ол туралы жазылған кітаптар берілген.