28-жаттығу. Диалогті жұбьщмен оқы. - Ержан, мұның не? Қағазды қоқыс жәшігіне салмайсың ба?
- Айгүл, ештеңе етпейді. Еден жуушы жинап алады. Бір парақ қағазды лақтырғанда не тұр?
- Ержан, бәрі де осындай кішігірім елеусіз нәрселерден басталады. Бұл - біздің білім алатын сыныбымыз. Оны таза ұстау және қорғау - біздің міндетіміз.
- Жарайды. Келесі жолы қағаз тастамауға уәде беремін.
• Сен Ержанның орнында болсаң, не істер едің?
• Мәтінде біріккөн сөздер кездесті ме?
• Парталас жұбьщмен демалыс мәдениетіне диалог құрастырьш көр.
ӨТКЕНДЕР КӨМЕКТЕСІҢДЕРШІ
Тезек төре:
Жақсы ақын үйге келсе қыдыр-ырыс,
Айтқаны Сүйінбайдың бәрі дұрыс.
Көргенді не де болса, бетке айтатын,
Адамнан сирек туар мұндай туыс.
Сүйінбай, маған сенің өзің керек,
Баршадан ақын болып тудың ерек.
Жарамды жол жүріске ат берейін,
Соны мініп, еліңе қайт ертерек!
Жылкелді мен осында Бапау бар ма,
Мен мінетін әлгі бір сары ат қайда?
Ескі малдың көзіндей бір құт еді,
Соны тауып мінгізгін Сүйінбайға!
Сүйінбай:
Тақсыр-ау, бұл бергенің сары ат па еді,
Аузында бір тісі жоқ кәрі ат па еді?
Кірпігіне қарасам қурап қапты,
Тұсында Абылайдың бар ат па еді?
О, тақсыр, Сүйінбайды деме бекер,
Мұны мініп заман жоқ елге жетер.
Ілесіп Абылайдың бақ-дәулеті,
Мұны берсең менімен бірге кетер.
Алтын Орданың гүлденген кезеңі Өзбек ханның тұсында болды (1312-1342жж.) Өзбек хан империяның түріктенген көшпелі халқын (ноғайлы елі) ислам дініне қаратты. Жәнібек хан тұсында (1342-1357жж.) тұсында Алтын Орда биік деңгейге көтерілді. Әділ билік жүргізгені үшін халық оны Әз Жәнібек деп атаған.
Әж Жәнібек ханның тұсында қазақтардың бабалары алаш мыңы деген атпен Ақ Орда құрамында болды. Сол кездің кейбір деректерінде Алтын Орда Ұлық Ұлыс деп аталды. Әз Жәнібек өлгеннен кейін Алтын Орда саяси құлдырау байқалады. Оның орнына келген Бердібек хан екі жыл билік құрғанда өзінің бүкіл руын, батухандар әулетін жойды және империяны үлкен дағдарысқа әкелді. Оның өлімінен кейін Алтын Орданы атақты әмір Мамай басқарды. Ол Бердібектің қызына үйленген болатын. Іс жүзінде Алтын Орданың билеуші болса да, ол Шыңғыс әулетінен хандарды тағайындады. 1360 жылдар аралығында 14 хан ауысты. Ірі әмірлер арасында жер-ел үшін толассыз тартыстар жүріп жатты. Қазақ эпосы Алтын Орданың құлдырауы Шықғыс тұқымының ру аристократиясымен күрсі нәтижесінде болды дейді. Әсіресе қатты қарсылықты Мамай мен Орыс хан көрсетті. Орыс хан узурпаторды Сарайдан қуып жібереді Едіге мен Тоқтамыс хандардың арасындағы қарама-қайшылық империяның құлдырауына әкеледі.