29 Мен не үйрендім?
1. Мәтінді түсініп оқы.
Күлмеңіздер кәріге
Бір кісінің екі баласы болыпты. Бір күні көршілері оған:
«Сенің балаларың бір кемпірді мазақ қылды, балаларыңды
тыйып қой!» - дейді.
Әкесі балаларына ұрсады, балалары мұнан былай кісіге
күлмеске уәде береді. Біраз күн өткен соң балалар әкесіне
берген уәдесін ұмытып, бір бейшара шалды тағы да келе-
меж қылыпты. Мұны әкесі естіп, балаларын шақырып алып
айтады: «Балалар, мен енді мұнан артық өмір сүрер болсам, сендер секілді бір ақымақ балалар өткендегі шал мен кемпірге күлгендерің секілді маған да күлер деп қорқамын.Балалары ұялғанынан қызарып, сонан кейін кәрі кісілерге келмейтін болыпты. 3-Жаттығу.Берілген кестеге мәтіннен сын есім+затесім, зат есім+зат есім, зат есім+етістік сөз тіркестерін тап.
Қыз деген қырдың қызыл қызғалдағы
Өмірдің сырлы сымбат сұлу сәні
Бұраң бел оймақ ауыз қызыл ерін
Жігіттің ойлайтыны бір арманы
Қыздардың теңдесі жоқ бір асыл зат
Ежелден бағалаған оны адамзат
Қыздарға әсемдікті сыйға тартқан
Ерекше мүсін берген бұл табиғат
Қыздар-ай, қыздар-ай қиылған қасың қандай
Ашың түс алма мойын мөлдіреген қалқам-ай
Қыздар-ай, қыздар-ай қиылған қасың қандай
Ашың түс алма мойын мөлдіреген қалқам-ай
Қыз емес қыздың аты қызыл алма
Сұлулық әсемдікті жиған бойға
Ай қабақ алтын кірпік қиылған қас
Қыздарды ұқсатамын туған айға
Жезтаңдай күсміс күлмей сырғалым-ай
Майысып қалшы бір тұрғаныңда-ай
Жәутеңдеп қарағанда бойым балқып
Білемін махаббатқа тұрғаным-ай
Қыздар-ай, қыздар-ай қиылған қасың қандай
Ашың түс алма мойын мөлдіреген қалқам-ай
Қыздар-ай, қыздар-ай қиылған қасың қандай
Ашың түс алма мойын мөлдіреген қалқам-ай
Мен Қазақстанның болашағымын.
"Ер татулығы - ел татулығы" демекші, Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлтаралық бірлігі жарасқан ел ретінде танылған. Қазақстанның кең байтақ дархан жерінде жүзден астам ұлт өкілдері тату - тәтті өмір сүріп жатыр. Елімізде түрлі ұлт өкілдерінің татулық діңгегі ажыраған емес.
Біз жас ұрпақ осындай кең байтақ жеріміздің көгінде тек қана бейбіт құсы қалықтап ұшып, мемлекетіміз одан әрі көркейе беруін қолдаймыз. Себебі, бейбітшілік бар жерде, бақыт орнап, тыныштық болады. Одан әрі қарай да бейбітшілік пен татулықты сақтап, ынтымақтастықты ұстап тұрсақ, ата - бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қол жеткізген Тәуелсіздігіміз де мәңгі болмақ.
Бұл бір жағынан Елбасымыздың көреген саясатының арқасында деп білеміз. Болашақта жақсы білім алып, еліміздің гүлденіп, көркеюіне өзіміздің қомақты үлесімізді қосамыз деп білемін.
Әрбір азамат туған өлкесін, елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын, Ұлтжанды азамат болу керек. Ол үшін өткенін біліп, бағалау керек. Өзі туған қасиетті Отанын оттан да ыстық бағалау, сүю керек деп ойлаймын. Барлық әлемде тыныштық орнап, бейбіт заманның ғұмыры баянды болғай! Себебі барлығымыз да бейбіт заманда өмір сүруге лайықпыз деп есептеймін. Сондықтан "Ынтымақ түбі — игілік" дегендей ынтымағы жарасқан ел болайық!