В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
lilia25021
lilia25021
16.05.2021 23:26 •  Қазақ тiлi

3.Ақынның арманы мен ойын қалай толықтырар едіңіз? 4 "Кім болам  "тақырыбына эссе жазу
памагите​

Показать ответ
Ответ:
Foxer30
Foxer30
27.12.2020 22:12

1991 жылы еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін бірден аяққа тұрып кетпегеніміз бәрімізге аян. Әлемге беймәлім елдің болашағы бұлыңғырлау көрінгені рас. Бірақ қазақ халқы еш уақытта мойыған жоқ. Елбасы айтпақшы, «Тәуелсіздік алған тұста бұрынғы Кеңес Одағының соңында қалған республика болатынбыз. Экономикамыз әлсіз, қолда бар өндірістер мен зауыттар әбден ескірген. Мұғалімдер мен дәрігерлерге жалақы, зейнеткерлерге зейнетақы тауып берудің өзі қияметтің қиыны болатын». Десе де қиын-қыстау шақты артта қалдырып, дамудың даңғыл жолына түстік.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
tanuabekker00
tanuabekker00
14.06.2020 19:03

сәлем шетелдік досым!мен Қазақстанда тұрамын !Қазақстан өте әдемі жер ! оның әдемі жерлерін айтып берейін!Қазақстан мен Орта Азиядағы алғашқы қорық Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Ақсу-Жабағылы қорығы Батыс Тянь-Шань тауының 850 шаршы метр аумағын алып жатыр. Қорықта өсімдіктердің 1279 түрі кездеседі, оның 57 түрі Қызыл Кітапқа енген. Сүтқоректі жануарлардың 51 түрі мекен етеді. 

Сайрам-Ұғам (өгем) мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы

Аумағы 149 мың гектарға жететін Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан саябақ 2006 жылы ұйымдастырылды. Саябақ құрылған кезде басты мақсат Батыс Тянь-Шань тау жоталарындағы табиғат байлықтарын қорғау мен экологиялық туризмді дамыту болды. Табиғатты қорғау жұмыстарының ерекшеліктеріне байланысты саябақ қорық, шектеулі шаруашылық жұмыстарын жүргізу, туристтік болып үш аймаққа бөлінген. Саябақта өсімдіктердің 1500-ден астам түрі, сүтқоректілердің 60-тан астамы түрі, құстардың 300 түрі кездеседі.

Көкшетау

Ақмола облысында орналасқан аймақ. Бұл аймақта Зеренді, Шалқар, Саумалыкөл, Имантау көлдері бар. Орманды алқап аймақтың 60%-ын құрайды. Бұл аймақтың орман-көлдері қорғалып, Көкшетау Ұлттық саябағының құрамына кіреді.

Қорғалжын

Орталық Қазақстанда орналасқан. Кездесетін өсімдік пен жануар әлемінің барлық дерлік түрі Қызыл Кітапқа енген. Су құстарының 300 түрі кездеседі. Қорғалжын қорығының табиғатымен танысу аймақтақ мұражайдан басталады.

Көлсай

Алматы қаласынан 300 шақырым қашықтықта Күнгей-Алатау баурайында Көлсай мекені орналасқан. Бұл аймақта үш көл бар: Көлсай-1, Көлсай-2, Көлсай-3.Көл суы мөлдір, ауасы таза, табиғаты тартымды. Қайыңды көлінің жағалауында киіз үйлер тігілген ауыл бар. Бұл аймаққа бірнеше күнге келген жандар тау суына шомылып, саумалыдан дәм татса болады.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/527/

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота