3. Ғаламтор желісінен алынған үзінділерде сөзжасамдық және син таксистік нормалар сақталған ба? Қате қолданыстарды тауып,
түзетіп жазыңдар.
1. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда әрқайсымыз-
дың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануы-
мызға, тазалық шараларын сақтауымызға тікелей бағыт-
талған.
2. Дүниежүзілік медицина ғылымдарының ұлы өкілдері
денсаулық а тартқан үлкен сыйы деп түсінді-
реді. Медицина ғылымы адамдардың денсаулығын сақтауға,
аурулардың алдын алуға, ауруларды емдеу әдістерін тауып,
оны жетілдірумен шұғылданып отырған ғылым екені байқа-
лады.
Есім сөздерге жұрнақ жалғануы арқылы сын есімнің алынуы:
1) Орман+ды,дала+лы (-лы,-лі,-ды,-ді,-ты,-ті).
2) Бала+сыз,үй+сіз (-сыз,-сіз).
3) Жаз+ғы,іш+кі (-ғы,-гі,-қы,-кі).
4) Қыс+тық,жыл+дық (-лық,-лік,-дық,-дік,-тық,-тік ).
5) Ұйқы+шыл,кек+шіл (-шыл,-шіл).
6) Сөз+шең,бой+шаң,ашу+шаң (-шаң,-шең).
7) Тас+тай,су+дай (-дай,-дей,-тай,-тей).
8) Сән+қой,әуес+қой,өнер+паз (-қой,-қор,-паз,-кер,-гер).
9) Тарихи,қазақы (-и,-ы,-і).
Есімдерден зат есімнің жасалуы:
1) Қой+шы,күй+ші,ән+ші (-шы,-ші).
2) Шаруа+шылық,кең+шілік (-шылық,-шілік).
3) Бала+лық,жеңіл+дік,биік+тік (-лық,-лік,-дық,-дік,-тық,-тік).
4) Айла+кер,сауда+гер (-кер,-гер).
5) Шай+хана,арба+кеш,жем+қор (-кеш,-хана,-паз,-қой,-стан,-қор).
Есімдерден туынды етістіктің жасалуы:
1) Аяқ+та,күлім+де (-ла,-ле,-да,-де,-та,-те).
2) Ой+лан,таза+лан,рух+тән (-лан,-лен,-дан,-ден,-тан,-тен).
3) Сыр+лас,бір+лес (-лас,-лес,-дас,-дес,-тас,-тес).
4) Ән+дет,дауыл+дат (-лат,-лет,-дат,-дет).
5) Мін+е,тең+е (-а,-е).
6) Мұң+ай,күш+ей (-ай,-ей,-й).
7) Ескі+р,қысқа+р (-ар,-ер,-р).
8) Су+ал,тар+ыл (-ал,-ел,-ыл,-іл,-л).
9) Тын+ық,бір+ік (-ық,-ік).
10) Бас+қар,су+ғар (-қар,-кер,-ғар,-гер).
11) Үлкен+сі,пысық+сы (-сы,-сі,-ымсы,-імсі ).
12) Жат+сын,көп+сін (-сын,-сін).
13) Жетім+сіре,ой+сыра (-ра,-ре,-ыра,-іре ).
14) Бақ+ырай,тік+ірей (-ырай,-ірей).
Ең алғаш ғарышқа ұшқан «Лайка» атты ит туралы естіп, білдік. Ол ақылды ит болған екен. Сосын ғарыш жайлы бейнеролик көрдік, сөзжұмбақ, жұмбақ шешіп, өлеңдер оқыдық, постер арқылы түсінгендерімізді айттық. Ғарышкер болу оңай емес екен. Біліміңмен қатар денсаулық та мықты болу керек. Денені шынықтырып, дұрыс тамақтанып, жаман әдеттерден аулақ болу керек. Біз бәріміз де ғарышкер болғымыз келді. Жақсы оқып, тәрбиелі болсақ, ізденсек, денсаулығымыз мықты болып, спортпен айналыссақ, ғарышқа ұшуға жол ашық екен. Сөйтіп, бәріміз де есейгенде ғарышкер боламыз деп шештік!