3. Белгілі бір тақырып төңірегінде мақал айтудан жа- рысып көріңдер.
Үлгі: Достасу тақырыбы.
1-бала: «Жүз сомың болғанша, жүз досың бол.
сын» дегендей, сенімен дос болғым келеді.
2-бала: Достассақ достасайық. «Мыңның жүзін
білгенше, бірдің атын біл» деген. Атың кім?
1-бала (атын айтады): «Жүзі жылыдан түңілме»
дегендей, сені бірден ұнаттым.
2-бала: Рақмет. «Жаманға жан жуымас» деген
бар. Осы нақылға қарағанда, жаман болмағаным
ғой. Мен де есімімді айтып қояйын. Атым - ... .