3. Берілген ақпараттардың ішінен мəтін мазмұнына сай келетін 2 дұрыс тұжырымды анықтаңыз/ Из данной информации выбрать 2 верных вывода, соотвествующих содержанию текста ( )
Ұлы Жібек жолы – Қытай мен Еуропа елдерінің арасын байланыстырған сауда жолы.
«Ұлы Жібек жолы» ежелгі атау емес, ол 1877 жылы пайда болған. Оны қолданысқа енгізген белгілі неміс географы Фердинанд фон Рихттофен. Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты – Қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды.
Ұлы Жібек жолы ежелгі Қазақстан жерімен де өткен.
Жолдардың бойында Исфиджаб, Усбаникент, Отырар, Түркістан, Тараз, Сауран, Сығанақ, Сарайшық, Жаңакент сияқты ірі қалалар болған. Бұл қалалардың өркендеуіне Ұлы Жібек жолының тигізген əсері мол.
Ақпараттар
Дұрыс
Бұрыс
«Ұлы Жібек жолы» ежелгі атау емес, ол 1877 жылы пайда болған.
Ұлы Жібек жолы ежелгі Қазақстан жерімен де өткен.
Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты – Жапони
Жоқ, өлмеймін!
Көк дауылмен жағаласып кемеміз,
Көк мұхитта қақпақыл боп келеміз.
О, Жасаған!
Өстіп жүріп бір күні
Өлеміз-ау,
Өлеміз-ау,
Өлеміз!
Кейбіреулер соны неге ұқпайды,
Қадалады жүрегіме мұң-қайғы.
Мен де өлемін,
Менің бірақ есімім
Жазушылар тізімінен шықпайды!
Пендемін ғой, тау болсам да шөгер ем,
Гүлдей солам,
Бірақ қайта көгерем:
Тірілердің көзіне оттай басылар,
Талай-талай немерем мен шөберем.
Өліп-өшкен ғашық жігіт
Күніне
Мендік көзбен қарар сүйген гүліне.
Мен болмаспын,
Бірақ сөзім оралар
Сайрап тұрған шешендердің тіліне.
Жүрек неге,
Өкпе неге алқынды?
Қимайды ма өте шыққан бал күнді?
Әдемі әзіл бір кездері мен айтқан,
Әлі талай ду күлдірер халқымды.
Амал қанша!
Татар дәмім таусылды.
Қабірстан құшағымен қаусырды…
Жоқ! Өлмеймін!
Елім талай естиді
Лентаға жазып алған даусымды!
Кейбір жырым дән ұшырып қырманда,
Кейбір жырым бақташы боп жүр маңда.
Жоқ! Өлмеймін!
Правом жоқ өлуге,
Сөз сыйлайтын халқым аман тұрғанда!
Второй:
Бабамыздың шоқ басқан табанымен
Бірдей екен жақсысы жаманымен:
Бір жаманы – тынымсыз көше берген,
Бір жақсысы – қимаған даланы кең.
Бір жаманы – жел сөзге ерген екен,
Бір жақсысы – тілге ерік берген екен.
Бір жаманы – кетпенге орашолақ,
Бір жақсысы – найзагер, мерген екен.
Бір жаманы – кешігіп әліппе ашқан,
Бір жақсысы – күйлері көбік шашқан.
Бір жаманы – қыздарын малға сатып,
Бір жақсысы – сүйгенін алып қашқан.
Бір жаманы – шаруасын маңдытпаған,
Бір жақсысы –қулықпен жанды ұтпаған.
Бір жаманы –үйленіп жеңгесіне,
Бір жақсысы –жесірін қаңғытпаған.
Тату-тәтті көршілер шыр бұзбаған,
Бірге тоңып суықта, бір мұздаған.
Бір жаманы –сонда да үй салмаған,
Бір жақсысы –абақты тұрғызбаған.
Театрдың тарихи жағынан қалыптасып, даму, өсіп-өркендеу жолы әрбір ұлттың, әр халықтың өмір-тұрмысымен, олардың жалпы тарихымен және тұрлаулы мәдениетімен тығыз байланысты. Басқа өнер түрлері сияқты театр өнері де қоғамдық ой-сананың негізгі бір формасы болып табылады.