3. Берілген сөздерден сөйлемдер құрау арқылы олардың омонимдік мағынасын анықталдар.
Үлгі: Шал: 1. Баяғыда шал мен кемпір болыпты.
2. Байқаусызда шалып құлатты.
3. Досына телефон шалды.
Шал, сау, бар, қос, ақ, қал, шап, қой, жас.
көмектесіңіздершіііі тз керек болып тұр
Алтын Емел" ұлттық паркі «Алтын Емел» атауы моңғол тілінен шығады және «Алтын ер» дегенді білдіреді. Бір аңыздар бойынша, 1219 жылы Шыңғысханның әскері Орталық Азияны жаулап алуға аттанып, осы алқапты кесіп өтіп бара жатқанда, күн батып бара жатқан шақта сарғайған шөп жамылған тауларды көріп, ұлы қолбасшы "Алтын ер!" деген екен. Алтын Емел асуы шын мәнінде, сырттай қарағанда ер-тоқымға ұқсайды. Алтын Емелдің бір көркі - Іле өзенінің түбінен жел ұшырып келген құмнан түзілген әнші шағылдар. Құм төбелердің дыбыс шығаруының себебі - құм түйірлерінің бір-біріне үйкелгендегі дыбыс.
Көркемдегіш құралдар деген не?
Көркемдегіш құралдар – автордың шығарманы әсерлеу,бейнелуіне септігін тигізіп,оның шеберлігін танытатын құралдар.Ондай құралдарға ажарлаудың,құбылтудың түрлерін жатқызуға болады.Олар:эпитет,теңеу,метафора,метонимия,кейіптеу,аллгория,синекдоха,литота т.б.
Өлеңдегі көркемдегіш құралдар.
1) Өлеңде эпитет бар.Олар: тал шарбақ,тас қала.Эпитет – заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, экспрессивті айқындаушы сөз.Өлеңдегі екі эпиттет де заттың сипатын ерекше ашып тұр.
2) Метонимия қолданылған.Ол : жан сақтап.Метонимия – троптың (құбылтудың) бір түрі. Өзара байланысты балама ұғымдарды қолдану, құбылыс орнына оның ерекше қасиетін көрсету. Бұл жерде "жан сақтау" – тіршілік ету,өмір сүру деген мағынаны астарлап тұр.
3) Тұрақты тіркестер кездеседі.Олар:ат құйрығын кесермін,ат сауырын беру.Тұрақты сөз тіркестері – екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы."Ат құйрығын кесу" мағынасы – қарым-қатынасты үзу,ал "ат сауырын беру" – бөлініп,басқа жаққа кетті деген мағынада.
4) Риторикалық сұрау қолданылған:
Сонда, ханым, не десін?
Мен жоқ болсам, Есім хан,
Ит түрткіні көресің.
Жиембет қайда дегенде,
Не деп жауап бересін?
Риторикалық сұрау(лепті сұрау) – шешендік тәсілге жататын айшықты сөз тіркесі, ойды, сезімді әсерлі ету үшін жауабы өзінен өзі-ақ айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту.
5) Сонымен қатар өлеңде аллитерация мен ассонанс қолданылған.Аллитерация:
Тал шарбаққа мал сақтап,
Тас қалаға жан сақтап,
Тасқан екен мына хан!
Бұл жерде "Т" дауыссыз дыбыс қайлатанып тұр.Аллитерация – дауыссыз дыбыстардың қайталануы арқылы әдеби тілді ажарлап, сөздің реңін келтіре түсетін көркемдік тәсіл.
Ассонанс:
Арқаға қарай көшермін, Алашыма ұран десермін,
Ат құйрығын кесермін,
Ат сауырын берермін,
Алыста дәурен сүрермін.
Бұл жерде "А" дауысты дыбысы қайталанып тұр.Ассонанс –өлең сөзде дауысты дыбыстардың үндесе қайталану.