? 3. Деңгейлік тапсырманы орындаңдар. 1-деңгей. Түбір сөздерді теріп жазып, жұрнақтар арқылы туынды сөздер жасайдар,
Бүгін - сәрсенбі. Сәрсенбі – сәтті күн, сондықтан көп жұмыс жоспарладым,
Таңертең ерте тұрып, сабаққа барамын. Содан соң, кітапханадан кітап аламын
,
Түстен кейін ағылшын тілі үйірмесіне барамын. Осы жұмыстардың бәрін бүгін
істеуім керек. Бейсенбіде басқа жұмыстар бар. Әр жұмысты өз уақытында істеу
керек. Сонда уақыт үнемделеді.
2-деңгей. Оқылым мәтіндерінен жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді теріп жа-
зыңдар. Оларды қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырыңдар.
3-деңгей. Оқылым бөліміндегі мәтіндер мен төмендегі пікірді байланыстыра отырып,
замандастарыңа балалық шақтың қадірі туралы жарнама не шағын мәтін жазыңдар.
?
0-7 жас. Бала әлемді таниды, анасымен тығыз байланыста болады. Осы
кезеңнің соңы ана «қанатының» астынан шығып, жаңа, үлкен әлемді тануға
аттанумен аяқталады.
7-14 жас. Өзінің дара тұлға екенін түсініп, әлемді тануға, белгілі бір
«бағытты» таңдауға ұмтылады.
4. Төменде сабаққа үлгермеудің негізгі себептері көрсетілген. Аталған жағдайлар сен-
aniн не болды ма? 3-4 сөйлеммен қорытындыландар.
Менің болашақ мамандығым.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.
Соңғы уақытта, мен өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп көп ойланып, толғанып жүрмін. Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.
Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.
Менің арманым дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!
Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.
Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.
Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.
Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.