3. Фразеологизмдердің мәнін ашып, сөйлемдер құрандар. Мәндес фразеологизмдерді
топтастырыңдар.
Ай десе аузы, күн десе көзі бар; опық жеу; жүзіктің көзінен өткендей;
кірерге тесік таппау; күн дидарлы; көзі алақандай болды; ешкімнің ала жібін
аттамау; жүрегі ұшты; үріп ауызға салғандай; бетінен оты шығу; жібі түзу;
санын соғып қалу.
Қазақстан Республикасы жайлы сұрақтар:
1. Қазақстанның жер аумағы қандай және әлем бойынша нешінші орында?
Қазақстанның жер аумағы 2 724 902 км², әлем бойынша 9 орында.
2. Қазақстан қандай мемлекеттермен шекаралас?
Қазақстан Ресей, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қытаймен шекаралас.
4. Қазақстан Республикасының астанасы?
Астана қаласы.
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі.
6. Экономиканың негізгі бағыты қандай?
Экономиканың негізгі бағыты - отын-энергетика саласындағы шикізат өндіру, ауыл шаруашылығы (егіншілік).
7. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы?
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңге.
8. Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан жариялады?
1991 жылдың 16 желтоқсан күні КСРО-ның ыдырауына байланысты өз егемендігін жариялады.
9. Қазақстанның ірі қалалары?
Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент.
10. Қазақстан Республикасының президенті кім?
Қазақстан Республикасының елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
11. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы қандай?
Қазақстан — 1995 жылғы 30 тамыздағы респ. референдумда қабылданған Конституция бойынша – өзін демократиялы, зайырлы, құқықты және әлеуметті мемлекет ретінде орнықтырды.
Алдымен әже тәрбиесі арқылы бала жақсы-жаманды ажыратып, үлкен-кішіні тани бастайды. Мінез-құлық, тіл теориями қалыптасып, бала үй шаруасына бейім, елгезек тілалғыш, мейірімді болып өседі. Әженің алдын көрген балаға былайғы жұрт тәрбиелі бала деп баға береді. Әже тәрбиесі көбіне «олай істеме, былай істе», «бүйтсең жаман, өйтсең жақсы»деген вербалды сипатта, ақылгөйлік мазмұнда болып, әженің мейірімі мен жүрек жылуына бөленіп өседі. Осылайша жас бала қазақы ортадағы моральдық-этикалық нормалармен таныса отырып, адами тұлғаның қалыптасуына ғана емес, дәстүрлі ырым-тыйымдар жүйесінің қағидаттарын біртіндеп бойына сіңіре бастайды.