3) Күрделі атауларды мысалдарымен дұрыс сәйкестендір. 1. тіркесті жалқы есімдер
а) Қаратау, Жетісай, Нұртөре
2. біріккен жалқы есімдер
б) Халық Қаһарманы, Ақсақ Темір
3. қысқарған жалқы есімдер
в) Гайд-парк, Рио-де-Жанейро
4. қосарланған жалқы есімдер
г) ҚазТАГ, ҚазМУ
5. қосалқы анықтауыштары бар ұйым атауы
д) Мемлекеттік Опера және Балет театры
А)1-б, 2-а, 3-г, 4-в, 5-д
B) 1-а 2-б 3-в 4-г, 5-д
C) 1-г 2-в 3-а 5-б, 4-д
D) 5-в 2-г 3-а 4-б, 1-д
E) 1-д 2-а 3-б 4-в 5-г
Біз бақытты болу үшін, әрқашан күліп жүру үшін, ана, әке, ата, әже атану үшін жаралған жандармыз. Бұның бәрі Алланың және өздеріңіздің қолдарыңызда!
Екі, я одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер біріккен сөздер деп аталады. Мысалы, белбеу, ба з, ашудас, өнеркәсіп, тоқсан деген сөздер екі сөзден құралып (бел және бау, баспа жәнесөз, ашу немесе ащы және тас (кейінді ыкпал заңы бойынша т дыбысы д-га айналып, тас сөзі дас болған), өнер және кәсіп, тогыз -тоқс және он-ан), бір ұгымның ғана атауы болып тұр.
Қазак тілінде біріккен сөз екі түрлі болады. Бірінде құрамына енген түбірлердің тұлгалары сақталып отырады. Мысалы: түйеқұс (түйе+құс), бұзаубас(бұзау+бас),басмақала (бас+мақала), т. б. Екіншісінде құрамына енген түбірлердіңтұлғалары сақталмай, кейбір дыбыстың өзгерістерге ұшырайды. Мысалы: биыл (бұл және жыл: бірінші сөздегі л дыбысы түсіп қалган екінші сездің басындагы ж дыбысы и-ға айналған), жаздыгүні (жаздың және күні: бірінші сөздегі соңғы ң дыбысы түсіп калған, екінші сөздің басындағы к дыбысы ілгерінді ықпал заңы бойынша г-ге айналган), түрегелді (тұражөне келді: бірінші сөздегі дауысты дыбыстар екінші сездің әсерінен жіңішкеріп ү ү-ге, а е-ге айналған, екінші сөздің басындагы к дыбысы г-ге айналған). Бұлар ғылым тілінде кіріккен сөздер деп аталады.
Біріккен сөздерге көбіне мынадай атаулар жатады:
1) аң, құс, жәндік, өсімдік атаулары: қосаяқ, тас-бақа, егеуқұйрық, жолбарыс, көкқұтан,текесақал, ала-бота, аққу, итмұрын, саңырауқұлақ, бәптерек, бәйшешек, т. б.;
2) географиялық атаулар (жер, су, планета аттары): Жетіқарақшы, Темірқазық, Ақбозат,Көкбозат, Сарысу, Қызылорда, Әулиеата, Алакөл, т. б.;
кісі аттары: Орынбасар,Сейілбек,Мұхаметжан,Ерасыл, Аманжол,Есенәлі,
Бейсенбай, т. б.;
дене мүшелері (анатомиялық атаулар): асқазан, тоқішек, ұлтабар, мойыномыртқа,сегізкөз, тазқарын, т. б.;
5)ауру атаулары: алаөкпе, көкжөтел,қарасан, т. б.;
ойын атаулары: алтыбақан, ақсүйек, балтамтап, доптаяқ, орынсатпақ, т. б.;
ән, күй, өлең аттары: Сарыжайлау, Сарыарқа, Қароторгай, Кісенашқан,т. б.;
8)қоғамдық өмірге,күнделікті тұрмысқа байланысты әр түрлі атаулар:ба з,қолбасшы, кәсіпорын, шекара, еңбеккүн, отагасы, ақсақал
9)мезгілге байланысты
атаулар:биыл,бүгін,қыстыгүні,жазгытұрым,күздігүні,т. б.;
10) белгісіздік,болымсыздык мәндегі атаулар: ешкім,ештпеңе қайсыбіреу,әлдекім,әрқайсысы, ешқашан,кейбір, әрбіреу,әлдеқашан, т. б.