Шешенсөздер ағып тұрған поэзия, тұнып тұрған философия. Ақ өлеңмен өрілген сөз тұнығы: сырлы теңеу, астарлы сын, жинақы ой, жұмбақты меңзеу, қисынды толғам, тылсымды талай. Бәрі тіл құдіретінің, пікір түйінділігінің, таңғажайып ой толғағының әмбебап туындысы.
Өмір құбылыстарына байламды шешендік сөздер орны-орнына қойылса шебер шендестіріледі. Сырланып, әрленіп, татымы нәрленсе ойды шалқытып, сезімді тербеп адам көңілін ұйытады.
Сұлу, өрнекті әр шешендік сөздің өзіне тән терең мағыналы және астарлы жүктемесі бар. Жүйелі, байыпты айтылса досқа пір, дұшпанға зіл, шат көңілге шабыт, қам көңілге демеу, батырға айбынды ұран болар әрі тәтті, әрі қатты, әрі майда, әрі өткір алмас тіл.
Тура келесің бе, әлде жолдағы ауылға соқтың ба? Аса бір қысылған, басына ауыр сын түскен кезде әкесі, қалайда, не түсіне кіреді, не көз алдына оқыстан елестеп, осылайша көлбеңдей береді («Қазақ грамматтикасы», 694-695). Күндіз олар өзіне жем іздейді, не өзінің басқаға жем болмауын көздейді (Т.Қ. -70-б.). Бұнысы жаңа көрген Көкен елінің мынау куәға не сенгенін көрсетеді немесе ел болып сынға салып, шыңға тартқысы келген байлауын танытады. Я асқан данышпан шығар, я дым білмейтін мылқау шығар. Жалғыз қалудан сескенді ме, әлде асықпай әңгімелескісі келді ме — әйтеуір Андрейдің бүгін қасында болуын қалап тұрды (Қ. Ш. -176-б.).