3. Кестедегі мәліметтерден сөйлемдер құрап жазыңдар.
Романс тектес әндер «Ақбақай», «Жиырма бес», «Япурай», «Ғайни», т.б.
Сатиралық-юморлық әндер «Он алты қыз», «Ағашаяқ», «Құлбай бай», т.б.
Қара өлеңге құрылған әндер | «Сәулем-ай», «Еркем-ай», «Қамажай», «Жетіарал жерім-ай», т.б.
Қыз-келіншектер әндері «Майра», «Дудар-ай», «Әупілдек», т.б.
Желдірме әндер
Термелер, арнау, насихат әндер, т.б.
Эпостық мазмұндағы әндер «Жігіттің падишасы - Әмір Темір», «Қос мүйізді Ескендір», т.б.
Авторлық арнау әндер Молдабайдың әні, Ғазиздің әні, «Бүркітбай», «Шашубай»,
«Теміртас», т.б.
Романс тектес әндерге: Ақбайқай, Япурай, Ғайни т.с.с жатады. Романс-белгілі бір музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен жеке дауыста орындалатын шығарма!
Сатиралық юморлық әндер- өзі суреттеп отырған оқиғаны немесе кейіпкерді өткір сынға алып, жауға айналдыратын көркемдік бейнелеу тәсілі. Оған: Ағашаяқ, Құлбай бай т. с. с
Қара өлеңге құрылған әндер-қазақтың ежелгі өлең түрі. Оған: Еркем-ай Қамажай т б жатады
Қыз-келіншектер әндері-қыздарға арналған өлең түрі. Кеңінен таралған өлеңдер Майра, Дудар-ай өлеңдері жатады
Желдірме әндер-қазақтың халық музыкасы, творчествосында речатативті түрде қалыптасқан ән жанрының бір түрі. Оған:Термелер немесе насихат әндері жатады
Эпостық мазмұндағы әндер-бұл әндер әдебиеттің бір саласы. Бұл әндер көптеп таралған. Кеңінен таралған әндерінің бірі:Жігіттің падишасы-Әмір Темір
Авторлық арнау әндер- түркі халықтары поэзиясына тән жанр
Оған: Теміртас, Шашубай т.с.с