3. Өлең 1. Қараңғылықтың кегі, муздаған елдің, жүрегі, надандық теңізі сөздер қандай сөздермен алмастырар едік? Не себепті? 2. Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып, күн болам! Қараңғылықтың кегіне, Кун болмағанда, кім болам? Муздаған елдің жүрегін, Жылытуға мен кірермін! – деген Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлең жолдарын «Шығамын тілі болсам адам болып» өлеңімен салыстыра отырып талдандар. Өз талдау. ларынды төмендегі кестеге салыңдар. Ақын өмір сүрген кезендегі шәкірт ойы Бүгінгі шәкірттердің ойы жазу керек
Соғыс кезіндегі бүлдіршіндердің алғаш рет адамша тіл сындыруы “Апа, нан берші”-ден басталғаны анық. Тесік тамақтан өтерлік не болса соны қаужай бергендіктен бе, қарындары асқабақтай дөңгеленіп, қылдырықтай мойындары жұдырықтай жұмыр бастарын әзер ұстап тұрғандай бүлдіршіндердің кескін-кейіптері де ұсқынсыз көрінетін. Сол түрлеріне қарамай, жүгіре жөнелгенде тауықтың балапандарындай бытырай қашып зымырайтын. Олардың “таңғы асы” осы ауылдың малының да, жанының да ырзығына жаралғандай айдыны жарқырап жататын екі дөңнің арасындағы шар айнаға ұқсас “Маса” көлінің ну ормандай қамысы еді. Жиектегі қамысты шапыр-шұпыр қаумалап су түбінен сүйрік тартып, май қоғаны ауыз толтыра күйсіткенде езулері көбіктеніп, жерік асқа тойынып-ақ қалатын. Бірақ, қоға жеудің де өзіндік әдіс-амалдары бар. Аштық қанша қысса да, қамысты тоя жеуге болмайды. Ашқарақтанып, шамадан тыс жеп қойған баланың іші ауырады. Тіпті, өліп те кетуі мүмкін. Тіршілікке деген құштарлықтары басым, мезгілінен бұрын ержеткен сұңғыла балалар бұл жағдайды жақсы біледі.
Объяснение: