ответ:1. Не білдім, не түйдім? Сәттілік құпиясы қарапайым – әр күн сайын бір қадам алға басамыз. Бір жылдан соң мақсатыңызға жетесіз не 365 қадам жақындайсыз. Оған тезірек, сәтті, белсенді түрде жету үшін жаңа ақпарат жәрдемдеседі.
2. Осы аптада қандай жетістікке жеттім? Өз жетістігіңізді көрген сайын бойыңызға сенімділік ұялап, өзіңізді бұрынғыдан да жақсы көре түсетін боласыз. Аяқталған іс сізді мықтырақ етеді. Егер нәтижесі болмаса – өзіңізден себебін сұраудың кезі келді. Өзіңізді жетілдіріп жүрсіз бе, кері кетіп жатырсыз ба?
3. Қашан тоқтадым? Уақытымды босқа құртып, қамсыз отырған кезім болды ма? Бұл миллионерлердің де басында болады. Бірақ осыны дер кезінде ескеріп, берекесіз уақытпен күрескендер ғана жеңіске жетеді. Осы аптада істелуі керек қай істі кейінге қалдырдым? Әр нәрсенің өз уақыты бар. Кей істі кейінге қалдыра тұруға да болады, ал кейбірі кейінге қалса, көп нәрседен қол үзіп қаламыз. Мұндай іс әр аптада бар.
4. Кімге көмек көрсете аламын? Біреуге жақсылық жасасаңыз, қайтарымы мың есе болмақ. Оның айтқан алғысының өзі бақытқа жол ашады.
5. Сымбатымды сақтау үшін немесе салауатты өмір салтын ұстану үшін не істедім? Дене қуатқа толы болғанда, күткеніңізден де көп аласыз.
6. Жақын-жуықтарыма қанша уақытымды бөлдім? Бәріміз өзіміз үшін және бізге жақын жандар үшін өмір сүреміз. Ал олармен кемінде күніне бір сағат араласып тұрудан жақсы не бар?
7. Қандай пайдасыз іспен айналыстым? Мүмкін ол істі доғарып, оның орнына уақытты бір мезгіл демалуға арнау керек шығар
М.Әуезов туындылары әлемдік әдебиеттің айдынына мөлдір бұлақ болып кұйылып, күллі адамзатқа ортақ рухани қазынаға айналды. Мұхтар Омарханұлы Әуезов казіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында 1897 жылғы 28 қыркүйекте дүниеге келді. Әкесі Омархан, атасы Әуез Абай ауылымен іргелес отырып, айналасындағы адамдармен достық көңілмен араласа білген. Әуездің өзі Абайдың өлеңдерін сүйіп оқыған, түрік, парсы әдебиетінен хабары мол, ескіше сауатты, еліне қадірлі адам болған. Атасы Әуез, әжесі Дінәсіл немерелеріне Абай өлеңдерін кайта-қайта айтқызып тыңдап отырған. Ол жөнінде жазушы: «Бір қыс, бір жазда Абайды түгелге жақын жаттап алдым», – деп кейін еске алады. Бұл жас Мұхтардың мейірін қандырған қайнар бұлақтың мөлдір суындай болып, оның болашақ өміріне, шығармашылық тағдырына игі әсерін тигізеді. Атасы Әуездің жәрдемімен, бір жағынан, сол кезде ел арасына көп таралған қиссалар мен аңыздарды, өлең-жырларды, екінші жағынан Абайдың шығармаларын көп тыңдап, жаттап өскен Мұхтардың бойында көркем әдебиетке деген ықылас, құмарлық ерте оянды. 1928 жылғы «Өз жайымнан мағлұмат» атты өмірбаянында жазушы: «Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да Абайдан. Таза әдебиет сарынына бой ұрғанда маған Абай деген сөз қазақ деген сөзбен теңбе-тең түскендей кездері бар сияқты. Абайды сүюім үнемі ақылдан туған, сыннан туған, сүйіс емес, кейде туған орта, кір жуып, кіндік кескен жерді сүюмен барабар болатыны бар» деп жазды. Осы сөздердің өзінен-ақ жазушының бүкіл шығармашылығына, жан-дүниесіне Абай туындыларының әсер-ықпалы, үлгі-өнегесі айрықша екені көрінеді. Әкесі қайтыс болғаннан кейін он бір жасар Мұхтар Семей қаласында ағасы Қасымбектің тәрбиесінде болып, 1908 жылы бес жылдық орыс училищесіне түседі. Оны бітірген соң төрт жылдық мұғалімдер семинариясында оқып, 1919 жылы бітіріп шығады. Бұл кезең жазушының ғылым-білімге деген ізденісі, орыс әдебиетімен, Батыс Еуропа әдебиетінің таңдаулы үлгілерімен өте жақын, терең танысқан жылдары болды. Семинарияның орыс тілі мен әдебиеті пәнінің окытушысы В.Попов өз естелігінде: «М.О.Әуезовпен тұңғыш рет 1916 жылы таныстым. Алдыңғы партада отыратын он сегіз жасар сыпайы, сұлу жас қазақтың денесі сыптай түзу, киімі сәнді, тап-таза, қою шашы қап-қара, кең маңдайы кере қарыс, қоңырқай жүзі байсалды, маңғаз, көзінде ақыл тұнып тұр… Қадір-қасиеті өз ортасынан өзгеше бөлек осы жігіт орысшаға өте-мөте жетік. Ал эрудициясына бәріміз таң қалатынбыз», – дейді. Бұдан болашақ жазушының жан-жақты білімі, жоғары мәдениеті, қарапайымдылығы мен адалдығы, ойының тереңдігі семинария қабырғасында жүрген кезінде-ақ ерекше байқалғанын көреміз. 1919 жылы Мұхтар Әуезов семинарияны бітіріп шығып, бірыңғай әдеби кызметпен шұғылдана бастайды. Ауыз әдебиетінің асыл нұсқаларын өңдеп, қазіргі өскелең өмір талабына сай әдебиеттің қажетіне пайдалану үлгісін өзінің жазушылық тәжірибесімен көрсетті. «Еңлік–Кебек», «Айман–Шолпан», «Қара қыпшақ Қобыланды» пьесалары соның куәсі. М.Әуезов 1928 жылы Ленинград университетінің филология факультеті, Ташкент қаласындағы Орта Азия университетінің аспирантурасын бітіреді. 1917 жылдан басталған алғашқы шығармаларының өзінде-ақ жазушы қазақ елінің тіршілігі мен тынысына зер салып, терең үңіліп зерттей отырып, көптеген тарихи және әлеуметтік мөселелерді көрсетуге күш салды. Бұл М.Әуезов талантының жан-жақтылығын, білім-дәрежесінің молдығын танытты. 1917 жылы алғашқы шығармаларының бірі – «Қазақтың өзгеше мінездері» Ташкентте шығатын «Алаш» газетінде жарияланды. «Адамдық негізі – әйел» мақаласы Семейде шығатын «Сарыарқа» газетінде басылды. Бұл мақалаларында казақ халқының ғасырлар бойы талай қиыншылықтарды басынан өткізіп күресе білгенін, сонымен бірге кейбір мінезіндегі сүйекке сіңген жаман әдеттерден арылу оңайға соқпайтынын дәлелдеп ашып көрсетеді. Мысалы, ел арасындағы парақорлық, жалқаулық, сауатсыздык, т.б. сияқты, түрлі келеңсіз әдеттерді сынай келе, солардан құтылудың бір жолы оқып-білім алуда жатқанын айтады. «Жалғыз-ақ үмітіміз, қаруымыз – оқығандарда. Оқығандар ендігі жас балаларды өздері үлгі болып, надандықтан шығарып, адамшылықтың жарық жағына сүйреуге міндетті. Соларға «қазақтың мінезін тастап, айнымай қажымай, таза жүрекпен кемшіліктерге қарсы тұрып, бірлік жібіне жармасуынан басқа не тілей аламыз» деп жазған еді. М.Әуезовтің шығармашылығы «Адамдық негізі – әйел» атты мақаласында автор әйелдің қоғам өмірінде атқарар рөлін дәлелдеп, ашып танытады. Әйелді қоғамдық ортаның ұйтқысы ретінде бағалайды. Әйел басындағы тұман айықпай, халыққа адамшылықтың бақытты күні күліп қарамайды. Өйткені адам қоғамындағы адамгершілік ана тәрбиесінің нәтижесі. Ал өмірде әділет, мархабат, махаббат деген нәрсенің атын естімеген ананың адамдыққа тәрбиелеудегі өрісі қандай болмақ? «…Ал, қазақ, мешел болып қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе! Оны түзейін десең, әйелдің халін түзе!» – деп нақты, дәлелді тұжырымдайды.
ответ:1. Не білдім, не түйдім? Сәттілік құпиясы қарапайым – әр күн сайын бір қадам алға басамыз. Бір жылдан соң мақсатыңызға жетесіз не 365 қадам жақындайсыз. Оған тезірек, сәтті, белсенді түрде жету үшін жаңа ақпарат жәрдемдеседі.
2. Осы аптада қандай жетістікке жеттім? Өз жетістігіңізді көрген сайын бойыңызға сенімділік ұялап, өзіңізді бұрынғыдан да жақсы көре түсетін боласыз. Аяқталған іс сізді мықтырақ етеді. Егер нәтижесі болмаса – өзіңізден себебін сұраудың кезі келді. Өзіңізді жетілдіріп жүрсіз бе, кері кетіп жатырсыз ба?
3. Қашан тоқтадым? Уақытымды босқа құртып, қамсыз отырған кезім болды ма? Бұл миллионерлердің де басында болады. Бірақ осыны дер кезінде ескеріп, берекесіз уақытпен күрескендер ғана жеңіске жетеді. Осы аптада істелуі керек қай істі кейінге қалдырдым? Әр нәрсенің өз уақыты бар. Кей істі кейінге қалдыра тұруға да болады, ал кейбірі кейінге қалса, көп нәрседен қол үзіп қаламыз. Мұндай іс әр аптада бар.
4. Кімге көмек көрсете аламын? Біреуге жақсылық жасасаңыз, қайтарымы мың есе болмақ. Оның айтқан алғысының өзі бақытқа жол ашады.
5. Сымбатымды сақтау үшін немесе салауатты өмір салтын ұстану үшін не істедім? Дене қуатқа толы болғанда, күткеніңізден де көп аласыз.
6. Жақын-жуықтарыма қанша уақытымды бөлдім? Бәріміз өзіміз үшін және бізге жақын жандар үшін өмір сүреміз. Ал олармен кемінде күніне бір сағат араласып тұрудан жақсы не бар?
7. Қандай пайдасыз іспен айналыстым? Мүмкін ол істі доғарып, оның орнына уақытты бір мезгіл демалуға арнау керек шығар
Объяснение:дұрыс өзім тексердім
Мұхтар Омарханұлы Әуезов казіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында 1897 жылғы 28 қыркүйекте дүниеге келді. Әкесі Омархан, атасы Әуез Абай ауылымен іргелес отырып, айналасындағы адамдармен достық көңілмен араласа білген. Әуездің өзі Абайдың өлеңдерін сүйіп оқыған, түрік, парсы әдебиетінен хабары мол, ескіше сауатты, еліне қадірлі адам болған.
Атасы Әуез, әжесі Дінәсіл немерелеріне Абай өлеңдерін кайта-қайта айтқызып тыңдап отырған. Ол жөнінде жазушы: «Бір қыс, бір жазда Абайды түгелге жақын жаттап алдым», – деп кейін еске алады. Бұл жас Мұхтардың мейірін қандырған қайнар бұлақтың мөлдір суындай болып, оның болашақ өміріне, шығармашылық тағдырына игі әсерін тигізеді. Атасы Әуездің жәрдемімен, бір жағынан, сол кезде ел арасына көп таралған қиссалар мен аңыздарды, өлең-жырларды, екінші жағынан Абайдың шығармаларын көп тыңдап, жаттап өскен Мұхтардың бойында көркем әдебиетке деген ықылас, құмарлық ерте оянды.
1928 жылғы «Өз жайымнан мағлұмат» атты өмірбаянында жазушы: «Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да Абайдан. Таза әдебиет сарынына бой ұрғанда маған Абай деген сөз қазақ деген сөзбен теңбе-тең түскендей кездері бар сияқты. Абайды сүюім үнемі ақылдан туған, сыннан туған, сүйіс емес, кейде туған орта, кір жуып, кіндік кескен жерді сүюмен барабар болатыны бар» деп жазды.
Осы сөздердің өзінен-ақ жазушының бүкіл шығармашылығына, жан-дүниесіне Абай туындыларының әсер-ықпалы, үлгі-өнегесі айрықша екені көрінеді. Әкесі қайтыс болғаннан кейін он бір жасар Мұхтар Семей қаласында ағасы Қасымбектің тәрбиесінде болып, 1908 жылы бес жылдық орыс училищесіне түседі. Оны бітірген соң төрт жылдық мұғалімдер семинариясында оқып, 1919 жылы бітіріп шығады. Бұл кезең жазушының ғылым-білімге деген ізденісі, орыс әдебиетімен, Батыс Еуропа әдебиетінің таңдаулы үлгілерімен өте жақын, терең танысқан жылдары болды.
Семинарияның орыс тілі мен әдебиеті пәнінің окытушысы В.Попов өз естелігінде: «М.О.Әуезовпен тұңғыш рет 1916 жылы таныстым. Алдыңғы партада отыратын он сегіз жасар сыпайы, сұлу жас қазақтың денесі сыптай түзу, киімі сәнді, тап-таза, қою шашы қап-қара, кең маңдайы кере қарыс, қоңырқай жүзі байсалды, маңғаз, көзінде ақыл тұнып тұр… Қадір-қасиеті өз ортасынан өзгеше бөлек осы жігіт орысшаға өте-мөте жетік. Ал эрудициясына бәріміз таң қалатынбыз», – дейді. Бұдан болашақ жазушының жан-жақты білімі, жоғары мәдениеті, қарапайымдылығы мен адалдығы, ойының тереңдігі семинария қабырғасында жүрген кезінде-ақ ерекше байқалғанын көреміз.
1919 жылы Мұхтар Әуезов семинарияны бітіріп шығып, бірыңғай әдеби кызметпен шұғылдана бастайды. Ауыз әдебиетінің асыл нұсқаларын өңдеп, қазіргі өскелең өмір талабына сай әдебиеттің қажетіне пайдалану үлгісін өзінің жазушылық тәжірибесімен көрсетті. «Еңлік–Кебек», «Айман–Шолпан», «Қара қыпшақ Қобыланды» пьесалары соның куәсі.
М.Әуезов 1928 жылы Ленинград университетінің филология факультеті, Ташкент қаласындағы Орта Азия университетінің аспирантурасын бітіреді.
1917 жылдан басталған алғашқы шығармаларының өзінде-ақ жазушы қазақ елінің тіршілігі мен тынысына зер салып, терең үңіліп зерттей отырып, көптеген тарихи және әлеуметтік мөселелерді көрсетуге күш салды. Бұл М.Әуезов талантының жан-жақтылығын, білім-дәрежесінің молдығын танытты.
1917 жылы алғашқы шығармаларының бірі – «Қазақтың өзгеше мінездері» Ташкентте шығатын «Алаш» газетінде жарияланды. «Адамдық негізі – әйел» мақаласы Семейде шығатын «Сарыарқа» газетінде басылды.
Бұл мақалаларында казақ халқының ғасырлар бойы талай қиыншылықтарды басынан өткізіп күресе білгенін, сонымен бірге кейбір мінезіндегі сүйекке сіңген жаман әдеттерден арылу оңайға соқпайтынын дәлелдеп ашып көрсетеді. Мысалы, ел арасындағы парақорлық, жалқаулық, сауатсыздык, т.б. сияқты, түрлі келеңсіз әдеттерді сынай келе, солардан құтылудың бір жолы оқып-білім алуда жатқанын айтады. «Жалғыз-ақ үмітіміз, қаруымыз – оқығандарда. Оқығандар ендігі жас балаларды өздері үлгі болып, надандықтан шығарып, адамшылықтың жарық жағына сүйреуге міндетті.
Соларға «қазақтың мінезін тастап, айнымай қажымай, таза жүрекпен кемшіліктерге қарсы тұрып, бірлік жібіне жармасуынан басқа не тілей аламыз» деп жазған еді.
М.Әуезовтің шығармашылығы
«Адамдық негізі – әйел» атты мақаласында автор әйелдің қоғам өмірінде атқарар рөлін дәлелдеп, ашып танытады. Әйелді қоғамдық ортаның ұйтқысы ретінде бағалайды. Әйел басындағы тұман айықпай, халыққа адамшылықтың бақытты күні күліп қарамайды. Өйткені адам қоғамындағы адамгершілік ана тәрбиесінің нәтижесі. Ал өмірде әділет, мархабат, махаббат деген нәрсенің атын естімеген ананың адамдыққа тәрбиелеудегі өрісі қандай болмақ?
«…Ал, қазақ, мешел болып қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе! Оны түзейін десең, әйелдің халін түзе!» – деп нақты, дәлелді тұжырымдайды.