В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
ruslan5632
ruslan5632
07.05.2020 07:56 •  Қазақ тiлi

3.Мәтін бойынша берілген ақпараттың дұрыс,бұрыстығын анықта А)Қатты күйген тері қысқа уақытта қалпына келтіріледі

Ә)Тері жасушалары ерікті донордан немесе науқастан клиникалық сынаққа дайындық үшін алынады

Б)Тері жасушасын жарақаттың жанына жабыстырады

Мәтің: Қазақ ғылымының жаңа жетістігі! Ғалымдар медицинада қолдануға болатын жасанды

тері ойлап тапты. Бұл әзірге алғашқы сынақтардың нәтижесі ғана. Барлығы ойдағыдай іске

асатын болса, денесі күйген немесе басқа да тері жарақаттарын алған науқастар үшін

биотерінің көмегі көп болмақ. Жарақаттарды жасанды терімен емдеу әдісі негізінен әлемнің

дамыған бірнеше елдерінде қолданыста бар. Еліміздің ғалымдары енді сол жетістіктерге өз

күштерімен жетуге талпынып жатыр. Осыған байланысты қазір Ұлттық биотехнология

орталығының жұмысы да қарқынды.

Әдетте денесі қатты күйгендердің терісін қалпына келтіру ұзақ уақытқа созылады.

Оның үстіне жарақатты таңатын медициналық жабдықтарды жиі ауыстыру қажет. Емдеу

процесінің ұзаққа созылатындығы да сондықтан. Ал жасанды тері арқылы осы

қиындықтардан арылуға болады. Ғалымдар ең әуелі егеуқұйрықтарға тәжірибе жүргізген.

Алғашқы тәжірибені сәтті өткізген орталық мамандары енді клиникалық сынаққа

дайындалып жатыр. Яғни бұл жолы сынақ адамның өзіне де жүргізілуі мүмкін. Ол үшін

ерікті донордан немесе науқастың өзінен тері жасушалары алынады. Сосын оны арнайы

зертханада қажетінше үлкейтіп, күйік шалған жерге немесе басқа да жарақаттың үстіне

жабыстырады. Бұл ең әуелі зақымданған терінің қалпына келуіне жылдам көмектеседі және

астыңғы жараның беті қайтқаннан кейін, он шақты күннің ішінде жасанды тері өздігінен

түсіп қалады.

Жасанды теріні науқас адамдарға нақты қашан пайдалануға болады? Ол үшін ғалымдар

«екі жылдай уақыт керек» деп отыр. Биоинженерия саласындағы бұл жаңалықты

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының талаптарына сәйкестендіру қыруар қаржыны

талап еткенімен, ғылым саласындағы айтулы жетістігімізді медицинада қолдану арқылы

болашақта кеткен қаржыны қайтаруымыз әбден мүмкін.

Показать ответ
Ответ:
firsovata2017tatyana
firsovata2017tatyana
04.03.2021 14:16
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады. Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. Ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан Алатау қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін! Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/22691/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
0,0(0 оценок)
Ответ:
all271
all271
06.11.2020 01:57
1)салалас курмалас
2)Карсылыкты багынынкы сабактас
курмалас
3)себеп салдар салалас курмалас
4)карсылыкты багынынкы саьактас курмалас
5)ынгайлас сабактас курмалас
6)тусиндирмели салалас курмалас

1)Биыл жайлауда болдым жəне ағамның үйіне бардым.
Биыл-пысықтауыш
жайлауда-пысықтауыш
болдым-етістік,баяндауыш
Ағамның-анықтауыш
үйіне-пысықтауыш
бардым-етістік,баяндауыш
2)Күн жылы болғандықтан,біз серуенге шықтық.
Күн-бастауыш
жылы-анықтауыш
болғандықтан-баяндауыш
Біз-бастауыш
серуенге-пысықтауыш
шықтық-етістік,баяндауыш
3)Мейрам шахтадан шығып еді,денесі сергіп қалды.
Мейрам-бастауыш
шахтадан-пысықтауыш
шығып еді-баяндауыш
Денесі-бастауыш
сергіп қалды-баяндауыш
4)Айна Асқардың сөзінен жақсы пейілді аңғарса да,ол кезде көмектерін алмаған.
Айна-бастауыш
Асқарлың сөзінен-толықтауыш
жақсы пейілді-толықтауыш
аңғарса да-баяндауыш
Ол кезде-пысықтауыш
көмектерін-толықтауыш
алмаған-баяндауыш
5)Біраз жүргеннен кейін, əкесінің қолынан бір шие жерге түсіп кетеді.
Біраз-пысықтауыш
жүргеннен кейін-баяндауыш
Əкесінің-анықтауыш
қолынан-толықтауыш
бір-пысықтауыш
шие-бастауыш
жерге-пысықтауыш
түсіп кетеді-баяндауыш
6)Өмірдегі көп күннің бəрі бірдей емес:кейбір күндер өлгеніңше есіңде қалады.
Өмірдегі-пысықтауыш
көп-пысықтауыш
күннің-анықтауыш
бəрі-пысықтауыш
бірдей емес-(баяндауыш)
Кейбір-анықтауыш
күндер-бастауыш
өлгеніңше-пысықтауыш
есте қалады-баяндауыш.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота