3.Мәтінмен танысып сұрақтарға жауап беріңіз Араб шапқыншылығы және Саманидтер тұсындағы Түркістан
VІІІ ғасырдың 30-жылдары арабтар Сырдария түбінде түріктерді талқандады. Бұл көшпелі түрік империясының ыдырауына әкелді. 751 жылы Талас түбінде араб әскерлері қытай әскерлерін жеңді. Түргештер мен қарлұқтар араб жағына шығып, соғыс 5 күнге созылды. Талас түбіндегі шайқас Түркістанда мұсылман немесе қытай мәдениеті үстемдігі орнауы мәселесін шешті.
Арабтар тұтқынға алынған қытайлықтардан қағаз жасауды үйреніп, бүкіл әлемге таратты. Арабтар батыстан Түркістанға мата өндірісін әкелді.
Парсылар Түркістанға келіп қоныстана бастады, соғды тілінің жойылуы осыған байланысты болса керек. Парсылар өңірде қала мәдениеті мен өндірістің дамуына ықпал етті.
1.Атлах шайқасы қай жылы болды?
2.Атлах шайқасының арабтар үшін маңызы қандай болды?
3.Атлах шайқасында арабтарға кімдер көмектесті ?
4.Атлах шайқасы кімдердің арасында болды?
- Қазақстан жерінде 85 мыңға жуық өзендер мен бұлақтар бар.
- Қай өзендерінің бойымен кішкене кемелер жүзеді. ?
- Ертіс, Орал, Іле, Еділ өзендерінің бойымен кішкене кемелер жүзеді.
- Қай өзендерінің бойымен терең жерлерінде ғана кеме жүзе алады. ?
- Сырдария, Тобыл, Қаратал, Бұқтырма өзендерінің бойымен терең жерлерінде ғана кеме жүзе алады.
- Бұл өзендерде нелер тіршілік етеді?
- Бұл өзендерде балықтардың бағалы тұқымдары тіршілік етеді.