3. Мәтінмен жұмыс: Ғабиден Мұстафиннің романынан үзіндіні оқып, түсініңіз. Ей, Иса!— деді содан кейін,— кедей болып жоқшылықтың зарын, бай болып рақаттың дәмін татпадық. Сондықтан білмейсің. Білмесең де көп ауқымынан шықпадың, көппен көрген ұлы той. — Сол көбің колхоздан келіп, әне осы трубаның маңына жинала бастаған жоқ па? Бәріміз көмірші болсақ тамақ қайда? — Бәріміз колхозшы болсақ көмір қайда? Көмірсіз өмір қайда? — Түсінбеймін. Әйтеуір сеңдей соғылысқан бір дүние деді де Иса, толған арбасын тарта жөнелді. Әңгімемен көмір көбірек салынып кетсе керек, тозған арба таяқ тастам жер шыға шоңқиып қалды. Колхоз кірешілері жиналып «әуп-әуп» десіп жатыр... Бадьяны ырғала бұрап жұмысшылар тұр. — Сейтқалы жұмыс жайын қыза әңгімелесе де, Мейрам сыбырмен тыңдап тұрып: — Табыстарың талапқа сыздық та болмайды,— деп қойды. Өршелене түсті Сейтқалы: —Сен кеше ғана келдің, білмейсің өліп қалған завод болатын бұл. Miнe тірілді, көмір бере бастады елге... Мейрам таласпады, үлкен а қуанғанына тек езу тартты. Көмір құдығының тақтаймен көмкерген ернеуіне асыла, түбіне телміре қарап түр. Тіп-тік шыңырау. Төрт қабырғасына ағаш қиып, шегендеп тастаған. Қаратүнекке қанша үңілсе де көз жетпеді. Сол түнектен оқтын-оқтын: — А-й-да-а, — деген талмау дауыс естілді. Дауыс естілгенде бадьяшылар жеделдете 4. Мәтін бойынша тапсырмаларды орындаңыз. 1. Шығармадағы негізғі ойды табу. 2.Сұрақтарға жауап беру. 3.Сұхбат жазу.
Көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі. Біздің заманымыздан бұрынғы екі мыңыншы жылдықта еуразиялық және афроазиялық аридтік аймақта қалыптасты. Көшпелілік тайпалық одақтар құрылған кезден-ақ өнім өндіру шаруашылығы ретінде орнығып, эволюциялық жолмен дами бастады. Көшпелілер мал жаюдың тәсілдерін жетілдіре отырып, игерілмей жатқан жерлерді пайдаға асыруға қолайлы жағдай туғызды. Әрдайым көшіп-қонуға дайын отырған дала көшпелілері үшін мал күзету, аң, балық аулау, егін егу тұрмыстың дағдылы машығына айналды.