3. Мәтіннен үстеулерді тауып жазыңыз 4. Мәтіндегі 3 негізі және 3 қосымша ақпарат
ажыратып жазыңыз
5. Мәтінге қатысты ой тұжырымыңызды жазыңыз
ОқылымТапсырмаМәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.[7]Парсы патшасы Джамшид өз елінің аумағын едәуір аралапты, Азербайджан атты мекенге тап болыпты. Осы жерде уәзірлеріне күнгей бетке қаратып өте үлкен тақ орнатуды бұйырған екен. Күн сәулесі тақпен шағылысып, айналаға ерекше нұр шашыпты деседі. Содан бастап жұрт осы күнді жаңа жыл есебінде тойлауды әдетке айналдырған екен. Қалай болғанда да, бұл мереке 18 ғасырға дейін Ежелгі Грекияда, Ежелгі Римде, Ұлыбританияда әбден аталып өтіліп, 1700 жылға дейін ежелгі Русьте де тойланып келген. Ежелгі жыл санағы бойынша, 22 наурызда күн мен түн бірдей теңеседі. Наурыз – жылдың бірінші күні, жыл басы, көктемнің алғашқы айы. Наурыз мерекесін қазақ халқы «Армысың, Әз Наурыз», «Әз болмай, мәз болмас» деп қарсы алған. Наурыз мейрамы – діни мереке емес. Бұл қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына емін-еркін бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтады. Қазақ халқы бұрынырақта бұл күні дүниеге келген қыз балаларға Наурыз, Наурызгүл, Наурызжан, ер балаларға Наурызбай, Наурызбек, Наурызхан деген есім берген. 1926 жылдан бастап, тоталитарлық жүйенің ықпалымен наурыз мерекесін тойлауға тыйым салынды. Көп жылдар бойы ұмытылып, сынын жоғалтқан мереке 1988 жылдан бері қайта жаңғырып, қазір Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі өз жалғасын тапты. 1.Наурыз мерекесіне қатысты әдеттер айтылған абзацты белгілеңіз. *
котингди берши рахаттанасн
издеп корсей знаниядан мен сойактан жазганмын