3. «Мақал-мәтелдер» кітабынан жалаң сөйлемнен тұратын 5 мақал, жайылма сөйлемнен тұратын 5 мақал тауып жаз. Сөй-
лем мүшелерінің астын тиісті сызықтармен сызып көрсет.
Тапқан мақалдарыңның мағынасын түсіндіріп бере ала-
сың ба?
• Қай мақалмен әңгіме құрауға болады? Сол мақалмен әңгіме
құрап көр.
• Мақалды қатыстырып құраған әңгімеңді сыныптастарың-
ның алдында қорға және бағала.
Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Қазақ тілінің байлығы, көркемдігі ауыз әдебиетімізден, ХV-ХVІІІ ғсырлардағы жыраулар поэзиясынан, би-шешендердің сөздерінен, Махамбет, Дулат, Мұрат толғауларынан бастап байқалды. Тіліміздің жаңа көркемдік деңгейге жетуіне Абай ұлы үлес қосты.