3. Мақалдар мен мәтелдерді бөліп топтастырыңдар. 1. Акку көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.
2. Атақоныс алтын мекен.
3. Атамекен анаң екен,
Қысылғанда панаң екен,
4. Атамекен туған жер:
Кір-қоңыңды жуған жер,
Кіндігіңді кескен жер,
Кісі болып өскен жер.
5. Әркімнің өз жері - Мысыр шаһары.
Әркімнің өз жері - ұжмақ.
6. Бақыр қазан қайнаса,
Бәріміздің бағымыз.
Туған жердің өр тасы -
Біздің алтын тағымыз.
7. Бақа - батпағына, балық - көліне.
8. Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз елінде ұлтан бол.
Баяғыда бір байдың Сұлушаш деген қызы болыпты. Байдың есігінде жүрген Тезек деген құлы Шұнақ деген күңімен қосылып, одан Алтай туады. Ол ер жетіп, Сұлушаш екеуі бір- бірін сүйеді. Бірақ бай қарсы болады. Алтайдың Қайсар деген досы, Сұлушаш үшеуі елден қашады. Олар Қарқаралының маңайындағы Жиренсақал деген жерді мекендейді. Сол жерде аң аулап, құс ұстап, күндерін көреді. Бір күні Алтай құс аулап жүріп, құзға кездеседі. Сол құзға бүркіт ұя салған екен. Алтай одан бүркіттің балапанын алмақшы болады. Бірақ жолы болмай шыңырауға құлайды. Сұлушаш Тескен таста сырнай тартып отырады. Біраздан соң артынан ырылдаған дауыс естіледі, қараса артында арыстан тұр екен. Содан қорыққаннан көлге құлап өледі. Қайсар Сұлушашты іздеп осы жерге келсе, көлдің бетінде қыздың көйлегі, тақиясы жүзіп жүреді. Ол да сол көлге құлап өледі. Содан кейін бұл көл «Шайтанкөл» атаныпты.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/babalar-sozi-shaytankol-atauy-turaly-anyz_a2816071