В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Лилиана4312
Лилиана4312
17.10.2022 21:25 •  Қазақ тiлi

3. Сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құрап жаз. [5] Жазып отырсын, қорықта жүр, айтып жатыр, қойылымда отырмын, көрсетіліп жүр это СОЧ

Показать ответ
Ответ:
eliseygrid53
eliseygrid53
21.03.2020 22:58

Әлеуметтік - экономикалық өрбуі, рухани кемелденуі, сайып келгенде өз тарихи тағдыры бар. Сондықтан да бүгінгі күн – кешегінің жалғасы, өткеннің салдары, болашақтың себепшісі деп білген жөн. Адам өткенге қарап өседі, бүгінге қарап бой түзейді, болашақты болжап күн кешеді. Қысқа мерзім аралығында еліміз бәсекеге қабілетті заманауи мемлекетке айналып үлгерді. Бүгінгі таңда қол жеткізген саяси тұрақтылық, тиімді экономикалық реформалар, халықаралық аренадағы бедел және халықтың тұрмыс деңгейінің өсуі – бұл бүкіл қоғамның қажырлы да адал еңбегінің арқасында, бұл дегеніміз ұлттың стратегиялық басымдылықтарының іске асырылуымен тең.  

Кез келген адам өткен өмірінде көрген тәжірибесімен дана әрі ақылды бола бастайды, болашаққа нық сеніммен қарайды. Қазірде біз әлемдік экономикалық жүйеге араласа алатын, нарық экономикасы қарқынды дамып келе жатқан мемлекетте өмір сүреміз. Ұзақ жылдар көлемінде қазақстандық қоғамның күшімен ауқымды істер атқарылды.

Біз – жастар тәуелсіздікпен бірге өсіп-өнген құрдастарымыз! Жас, жасампаз елдің ұланымыз. Бүгінде белсенді жастар мемлекетттік қызметке өтіп, әрі қарай шыңдалып дамуға, өз ісін ашып, өзін-өзі дамытуымен, спорт, ғылым, шығармашылықпен және басқа да қызмет түрлерімен айналысуға толық мүмкіндіктері бар. Осыған байланысты еліміздің жастарына аға ұрпақтың жасампаз істерін жалғастыру жолында үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр, бұл ретте ұлттық бәсекеге қабілеттілікті жоғарылата Қазақстан қоғамын XXI ғасырда гүлденген әрі дамыған ел қатарына қосуды қамтамасыз ету міндеті жүктелген. Мұндай міндеттерге жету тек отансүйгіш, білімді, кәсіби білікті әрі денсаулығы мықты, бәсекеге қабілетті, әлеуметтік-азаматтық жауапты жастарға ғана қол жетімді.  

Қай заманда болмасын кез келген қоғам жастарының ең өзекті мәселелерінің бірі сапалы білім алу, жұмыспен қамтамасыз етілуі, тұрғын үй және өз ісімен айналысу болып табылады. Осы ретте жастармен қоғамдық әрі мемлекеттік бағытта жұмыс жүргізудің маңызы зор. Бүгінгі қоғам және мемлекет жастарға қолдау көрсете отырып, жеке дамып өсуіне жағдай туғызу қажет. Бүгіннің өзінде қазақ жастарының бет-келбеті мен жігер-мінездік сипаттамаларының өзгеруі туралы айтуға болады: жас тұлғалар арасында дербестік, өз тағдырына деген жауапкершілік, өз мүмкіндіктерін нақты бағалау іспетті қасиеттер өсіп келеді. Жас ұрпақтың санасында білім алудың маңыздылығы, өз денсаулығын жақсартуға деген көзқарас фактілері жоғарылап келеді, бұл жағымды жаңа трэндтер.  

Жастардың болашағы – бұл мемлекет болашағы. Жас ұрпақтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына кепілдік бере отырып, мемлекет өз кезегінде жалпы құқықтық мәдениет деңгейін жақсарта отырып, жастар арасында белең алып келе жатқан жағымсыз әрекеттерді болдырмауға ықпал етеді. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстандық жол» еңбегінде атап айтқандай: «Жас ұрпақ ірі мәселелерді шешу жолындағы қиындықтарды жеңе білуі, үнемі өзгеріп тұратын экономикалық және технологиялық ортада дұрыс бейімделе білуі қажет, әрі бұл жағдайды өз пайдаларына орай әрқашан екі қадам алда болулары тиіс».

Біз мемлекет басшысының барлық бастамаларын қолдап, оның орындалу бөлігінде белсенді ат салысатын, қарқынды дамып келе жатқан жас мемлекеттің мақтанышымыз.

Бүгінгі таңда Біздің қатысуымызды қажет ететін жүздеген, мыңдаған істер баршылық. Менің пікірімше, жастарға қойылатын басты міндет – арадағы белсенді жастардың, болашақ басқарушылардың санының артуы және әрбір азаматтың елдің дамуына өз үлесін қосуға ат салысуы. Қазақстан жастары экономиканың қай саласында еңбек етсе де, өз үлгімізбен отансүйгіштігіміздің құндылығын, конфессияаралық келісімді, жемқорлықпен күресті насихаттауымыз керек. Әлеуметтік жобаларды дамыта отыра, Президент Жолдауында айтылған «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырау жолында аянбай қызмет атқаруымыз қажет.

Болашағынан үміт күттіретін жас ұрпақтың білім деңгейін, шығармашылық қасиеттерін дамытуда барлық жағдай жасалу қажет. Елбасымыз, Н.Ә.Назарбаев әр жылғы өзінің халыққа дәстүрлі жолдауларында жастардың дұрыс тәрие алуы мен білім деңгейіне әрдайым ерекше көңіл аударуда. Себебі мемлекеттің болашағы талантты жастардың қолында.  

Сонымен қатар, Президент Үкіметке ХХІ ғасырда менеджмент саласында жаңа ұсыныстар енгізе отыра, қарқынды түрде жұмыс атқаратын, озық ойлы, жаңа технологияларды қолдана, ішкі және сыртқы халықаралық жүйелерде жұмыс атқаратын басқарушылар классын даярлау керектігін тапсырған болатын.

Бүгінгі күнгі жас, 20 жылдан кейін мемлекеттік басқарушы, Қазақстанды дамыған мемлекеттің қатарына қосу міндетін арқалайтын азамат боларына нық сенімдемін.

0,0(0 оценок)
Ответ:
merkulovaannet
merkulovaannet
26.11.2022 05:57

«Күлтегін» жыры (үлкен жазу) жер мен көктің және а ң жаралуы туралы философия толғаудан басталады (биікте Көк тәңірі, төменде қара жер жаралған да екеуінің арасында а жаралған). Бұдан кейін бүкіл а Білге қаған мен Күлтегін батырдың ата-бабалары билік жүргізгені, түгел түркінің басын қосып, қуатты мемлекет орнатқан Бумын қаған мен Істемі қаған мадақталады. «Күлтегін» жырының авторы Түрік қағандығының бүкіл әлемді аузына қаратқан айбарлы да абыройлы дәуірін зор мақтаныш сезіммен жырлайды. Сондай-ақ ақын Бумын қаған мен Істемі қаған қайтыс болған соң түркі елінің тағына дарынсыз қағандар отырғанын, халықты опасыз бектер мен жүгенсіз әміршілер билегенін күйінішке толы жыр жолдары арқылы жеткізген («Соңындағы інісі ағасындай болмады, Ұлдары әкесіндей болмады. Біліксіз қағандар отырған екен, Жалтақ қағандар отырған екен»). Табғаш елінің алдауына көнген Түрік қағандығының бектері өзара араздасып, елдің ішкі бірлігіне көп нұқсан келтірді. Елде алауыздық туды. Түрік қағандығының іргесі шайқала бастады. Бұл өте қауіпті кезең еді. Автор түркі халқы ата-баба дәстүрін берік ұстаған кездерінде ешкімге тәуелсіз, еркін өмір сүргенін жырлай келіп, ол осы жолдан тайып, дұшпанға алданған сәттерінде: «Бек ұлдары – құл болды, Пәк қыздары – күң болды», – дейді. Міне, содан кейін Күлтегін батыр көп әскер жиып, түркі елін жаудан азат етуге кіріскені зор сүйіспеншілікпен суреттеледі. Түркі әскерінің оғыз, соғды, түргештерге, т.б. қарсы жүргізген шайқастары, ал Күлтегін батырдың шайқас алдындағы жекпе-жекке шығып, жауды ұдайы жеңіп отырғаны зор шеберлікпен бейнеленген. Жырдың авторы Күлтегін мінген аттың сипатын, ат әбзелдерінің әдемілігін, батыр қаруының сұсты көрінетінін ұтымды теңеулер арқылы көрсете білген. Жырда Күлтегін түркі елінің «төрт бұрышындағы» барлық жауды жеңіп, елде тыныштық, бейбіт өмір орнатады. Ақын Күлтегіннің ерлігі туралы: «Бастыны – еңкейтті, Тізеліні – бүктірді», – дейді. Сөйтіп, жырда Күлтегін батырдың күллі түркі халқын тәуелсіз еткені әрі оны байлыққа кенелткені «Жалаңаш халықты тонды, Кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым. Тату елге жақсылык қылдым», – деп зор мақтаныш сезіммен баяндалады: «Күлтегін» жырының басты идеясы – түркі халқын ауызбірлікке, сыртқы жауға қарсы ұйымдасқан күреске, ежелгі ата-баба жолы мен салт-дәстүрін берік ұстауға үндеу болып табылады. Жыр соңында Күлтегін батыр қайтыс болғанда бүкіл түркі халқы қатты қайғырып, аза тұтқаны, оны жоқтап, жерлеу салтанатына әлемнің төрт бұрышынан көптеген атақты адамдар – елшілер, батырлар, бектер, тас қашайтын шеберлер, т.б. келгені айтылады.

«Күлтегін» жыры – елдің ішкі бірлігін жыр еткен, идеялық мазмұны терең, көркемдік дәрежесі биік поэзиялық туынды. 2001 жылы 18 мамырда Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетіне Күлтегін жазба ескерткішінің көшірмесі қойылды.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота