3. Төмендегі құрмалас сөйлемдерді белгілеріне қарап анықта. Қазақстан Азия және Еуропа құрлығының нағыз бел ортасында орналасқан және табиғи ресурстары мен экономикалық қуаты басым еуразиялық мемлекет. Қазақ станның оңтүстік-батыс және оңтүстік аудандары кең-байтақ Тұран жазығымен шектесіп, солтүстік-шығысын үлкен Алтай таулар жүйесі алып жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде және де тың игеру жылдары Қазақстанға көптеген ұлт өкілдері қоныс аударылды, сөйтіп Қазақстан көпэтносты мемлекетке айналды.
Өркениеттер қақтығысы" - американ саясаттанушысы Сэмюэль Хантингтонның өркениеттік күйреу туралы тұжырымдамасы. Алғаш рет бұл тұжырымдама 1993 ж. Хантингтонның "Өркениеттер қақтығысы" мақаласында келтірілді, қысқа мерзім ішінде бірнеше тілге аударылып, қызу пікір-талас тудырды. Кейінірек С.Хантингтон мақаласының негізгі идеялары оның "Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің шегі" (1996) атты кітабында одан әрі өрбітілді. А. Тойнбидің ізінше Хантингтон өркениетті ең жоғарғы дәрежедегі мәдени қауымдастық ретінде және адамдардың ең ауқымды мәдени бірегейлігінің деңгейі ретінде қарастырады. Өркениеттер объективті тұрғыдағы, тіл, әдет-ғұрып, дін, институттар сияқты ортақ белгілердің, сондай-ақ адамдардың субъективті өзара бірегейлігінің болуымен сипатталады. Осы орайда ол қазіргі әлемдегі келесідей өркениеттерді көрсетеді: батыстық, конфуциандық, жапондық, исламдық, индуистік, православиелік, славяндық, латын американдық және африкандық. Автордың пікірінше, қырғи-қабақ соғыс аяқталғаннан кейін, кеңестік одақ қирағаннан кейін, қазіргі әлемдегі қайшылықтардың жаңа торабы жоғарыда аталған өркениеттердің арасында болады. Жаһандану процестері адамдардың дәстүрлі бірегейленуін ағын судай шайып бара жатса, бұл түпкі ұлттық тамырға қайта оралуға талпынып, кері реакция тудыруда. Бұл әсіресе, діни фундаментализмнің қайта өрлеуінен көрініс табуда (исламдық, конфуциандық, шығыс- православиелік және т.б.). Батыстық емес елдердің батысқа қосылу жолындағы кедергілер күрделілігі және тереңдігі жағынан біршама ерекшеленеді. Шығыс Еуропа мен Латын Америкасы елдерінде ол аса байқалмайды. Бірақ, ең көп кедергі мұсылман, конфуциандық, индуистік және буддистік халықтар арасында кездесуде. Хантингтонның пікірінше, дәл осы мұсылман-конфуциандық одақ, қазіргі кезде Батысқа ең үлкен қауіп төндіріп тұр. Хантингтон бұл өркениеттік жік әлеуметтік-саяси тұрғыда да әсіресе, түпкілікті батыстық құндылықтар деп саналатын демократия және адам құқы мәселесінде көрініс табуда дейді. Батыстық мәдениеттің біразы басқа әлемді үстірт жаулап алды. Бірақ, терең бойласақ, батыстық идеялар мен көзқарастар басқа өркениеттерге қатысты көзқарастардан әлдеқайда алшақ. Исламдық, конфуциандық, индуистік, буддистік және православиелік мәдениеттерде индивидуализм, либерализм, конституционализм, адам құқы, теңдік, еркіндік, заң үстемдігі, демократия, еркін нарық, шіркеудің мемлекеттен бөлінуі сияқты идеялармен қатар, осы құндылықтарды уағыздап, таратуға бағытталған Батыстың әрекеті "адам құқының империализміне" қарсы жауықтырып, төл мәдениеттің түпкілікті құндылықтарын нығайтуға септігін тигізеді. Хантингтонның өркениеттік жік теориясы Ф. Фукуяманың "Тарихтың ақыры" жөніндегі тұжырымына және либералды демократия принциптерінің салтанатына өзіндік қарама-қарсы салыстыру болды. Хантингтон ұсынған көптеген ережелерді жаһандану қарсыластары қолдануда. "Өркениеттер қақтығысы" мақаласы философиялық, әлеуметтік, саясаттанулық ортада, әдебиеттерде қызу пікір-талас тудырды.
Объяснение:
қойшы өтінемін сенен
Ат тұлдау. Ер адам қайтыс болғанында мініп жүрген атының жал-құйрығын күзеп, оны бос жібереді де, өлген адамның жылында сол атты әкеліп сояды. Бұл дәстүрді ат тұлдау деп атайды.
Аунату. Қазақтар үйіне келіп қонақ болған, қонып кеткен адамдардың отырған, жатқан жеріне «баламыз осы атасына тартсын, бойына осы атасының қасиеттері қонсын» деп балаларын аунатып алатын болған. Елге, ағайынға сыйлы азамат кіндік қаны тамған туған жері не келгенінде халық, туған-туыстары, дос жарандары оны сол жердің топырағына аунатып алған. Шыңғыс Айтматов үйіне Мұхтар Әуезов келгенінде, ол отырған орындыққа ұлын аунатып алған көрінеді.
Қазан шегелеу. Жақын туыс, әзіл-қалжыңы жарасқан адамдардың үйіне екі-үш адам бірге барып: «Осы үйдің қазанын шегелей келдік» дейді. Бұл олардың түстеніп, ет жеуге келгендігі. Үй иесі оған әзілмен жауап қайтарып: «Жақсы болды, қазан шегелейтін адам таба алмай отыр едік» деп қонақжайлық танытады, әйелі ет асып қонақасы береді.
Өңір салу (дәстүр). Отқа шақырумен (кей жерлерде «үй көрсету» немесе «есік ашар» дейді) бірге болып жататын ендігі бір кәде өңір салу. Мұнда ылғи бәбішелер келеді. Ниеттері келінге шашу шашып, құтты болсын айту. Шашудың сыртында өңір әкеледі. Өңір киім, бұйым деп ең құрығанда терме бау немесе жас төсекті басқалар басынбасын деп бүркіт тұяғы, үкі сықылдылар іледі. Бұлардың бәрі отау үйге қажетті, өңін ашатын нәрселер.
Келін түскен үй бұлардың күтеді. Келіннің қоржынындағы аспен бірге келген бұлдардан (мата деген сөз) алады. Бұл да өңір
Объяснение: арнайы дайындалған , зерттелген мәтіннен қысқаша алынды.