В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
beka9867
beka9867
18.05.2020 16:55 •  Қазақ тiлi

3-тапсырма (46) и 16
Мәтінді оқы.
Түркістан – көне қалалардың бірі. Ол Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан
Қаланың бұрынғы атауы – Яссы,
Бүгінде Түркістанға туристер көп барады. Түркістанда Қожа Ахмет Ясауидің
кесенесі бар. Ахмет Ясауи ғұлама данышпан, ойшыл, ақын болған. Ахмет Ясауи
кесенесі 8 жыл салынған. Кесенеде 35 бөлме бар.
Түркістанда 16 ғасырда салынған шығыс моншасы да бар. Бір қызығы,
моншаның 9 бөлмесінің бір де бірінде есік жоқ. Бірақ, мұнда ыстық ауа мен
салқын ауа араласпайды.
Қасиетті Түркістан қазақ халқының тарихында маңызды орын алатын
қалалардың бірі.
Мәтіннен күрделі мүшелерді тауып жаз:
Мәтіннен дара мүшелерді теріп жаз:​

Показать ответ
Ответ:
kotik53Tv
kotik53Tv
15.06.2022 11:59

Ғаламдық экологиялық  мәселелерді жою менің ойымша оңайға соқпайды.  Жаһандық мәселелер дегеніміз шешімі өркениеттің ары қарай өмір сүруіне әсер ететін мәлелердің жиынтығы болып табыладығой. Олар қазіргі заман адамының өмірінің дамуының әркелкілігі мен адамдардың әлеуметтік - экономикалық, саяси - идеологиялық арақатынасында пайда болатын қарама - қайшылықтардың себебінен туындайтындықтан. Бұл мәселелер жалпы адамзаттың өміріне әсер етеді. Ал адамзаттың жаһандық мәседелері-ғаламшарымыздың барлық тұрғындарының өмірлік қызығушылығын қозғайтын және бұл мәселелерді әлемнің барлық мемлекеттері ортақтасып шешетін мәселелер. Адамзаттың жаһандық мәселелеріне жататындар: Оңтүстік-Солтүстік мәселесі; азық-түлік мәселесі; кедейлік мәселесі; энергетика мәселесі; экология мен тұрақты даму әселесі; әлемдік мұхитты меңгеру мәселесі; демография мәселесі; АИВ инфекциясы және т.б. Бұл тізім тұрақты емес. Сонымен қатар, өркениеттің дамуымен бірге жаңа жаһандық  мәселелер туып отырады (ғарыштық кеңістікті игеру, климатты қадағалау т.б.). Бұл мәлметтердің барлығы адамды уайымдатпай қоймайды себебі бұл өзімізбен тікелей байланысты. Ол мәселелерді жлю үшін ең алдымен өзімізден сосын жақындарымыздан бастайық. Таза жүрейік,қоқыстарды кез келген жерге тастамайық, әрбір іске жауапкершілік танытайық,ысырапшыл болмайық, өзгелерден көмегімізді аямайық. Біздің сонда ғана болашағымыз жарқын болады. Сонда ғана бұл мәселелер жоюылады.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:

Ғабит Мүсірепов 1902 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында шаруа отбасында дүниеге келді. Оның азан шақырып қойған аты – Ғабді әл-Ғабит. Бұл арабша "Құдайдың құлы" деген мағынаны білдіреді. Қаламгердің әкесі Махмұт діни сауатты, өз ортасында беделді, парасатты адам болған.

1908-19қоқыс, арабша хат таниды. 1916 жылы Ғабитті нағашысы Оңғарбай шаруаға көмектесуге алып кетеді. Артынша Ақпан көтерілісі басталып, әскерде жүрген Оңғарбайдың балалары елге оралады. Осыдан соң, шаруадан қолы босаған Мүсірепов ауылдағы Ыбырай Алтынсарин жүйесімен ашылған орысша-қазақша бастауыш мектебінде оқиды. Онда ол белгілі ұстаз Бекет Өтетілеуовтен дәріс алады. Мұғалім болашақ жазушының әдебиетке ерекше ықылас аударуына септігін тигізді. Сондай-ақ Ғабит орыс тілін жетік меңгеруге мүмкіндік алды.

1918-1921 жылдары Пресногорьков станциясындағы жоғары жеті жылдық училищеде орысша білімін шыңдайды. Ал 1923 жылы ол жазушы Сәбит Мұқановпен бірге Орынбордағы жұмысшы факультетіне (рабфак) оқуға түседі. Бұл білім ордасында әлем әдебиеті саңлақтары мен XIX ғасырдағы орыс классиктерінің шығармаларымен танысады.

Алғашқы туындысы қабырға газетінде жарияланды

Жазушы, филология ғылымдарының докторы Нұрдәулет Ақыш Мүсірепов жұмысшы факультетінде алғашқы шығармасын жазғанын жеткізді.

"Сәбит Мұқановтың айтуынша, ол рабфактің қабырға газетінде өзінің "Тулаған толқынында" деген очеркін жариялаған. Бұл оның алғашқы шығармасы еді. Көптеген әдебиеттанушы Ғабеңнің алғашқы шығармашылығы "Тулаған толқыннан" басталды деген пікірде", - дейді ол "Ұлт мақтанышы". Ғабит Мүсірепов" деректі фильмінде.

Оның айтуынша, әдебиет зерттеушілері "Тулаған толқынды" таза очерк деп қабылдамайды.

"Олар оны көркем шығарма деп те есептейді. Өйткені бұл шығарманың бойында әрі очерктік сипат, әрі деректілік, әрі көркемдік қасиеттер тоғысқан. Бірақ алғашқы туынды болғандықтан кемшіліктер де бар. Себебі, бұл шығарма сол кездегі кеңестік саясатқа үндес жазылған", - дейді ол.

Әдебиетпен айналысуына кім түрткі болды?

Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің жас айырмашылығы бар болғаны екі жас. Жазушы өзінің "Автобиографиялық әңгімесінде" әдебиетпен шұғылдануына кім түрткі болғанын былайша баяндайды:

"Менің кітапқа деген құмарлығымды, азды-көпті сынай алатынымды байқап, Сәбит маған – "жазуға кіріс" деп мазалап жүрді. "Сәкеннің көрдей қараңғы бөлмесінде Сәбитпен бірге тұрдым. Бейімбет пен Сәкеннің өлеңдерін газет-журналдардан оқи бастадым. Бейімбеттің "Шұғаның белгісі" бір түрлі әдемі жазылғанын көрдім. Ішімнен жазуды қаласам да, қолым бармай жүрген".

Мүсірепов 1926 жылы Орынбордағы жұмысшы факультетін бітіреді. Ал 1926-1927 жылдары Омбы қаласындағы ауылшаруашылық академиясында оқиды. 1927-1928 жылдары Щучинск орман шаруашылығы техникумында оқытушы болып еңбек етеді. 1927 жылдан коммунистік партияның мүшесі атанады.

1928 жылдан бастап Қазақстанның партия, совет баспа орындарындағы әртүрлі жауапты қызметтерде болды. 1928-1932 жылдары Қазақстан мемлекеттік баспаның бас редакторы міндетін атқарды.

1933 жылы Қазақ КСР оқу халық комиссариатының өнер секторының меңгерушісі, 1934-1935 жылдары алдымен "Қазақ әдебиеті" кейін "Социалистік Қазақстан" газетінің бас редакторы болды.

"Бейімбет жау болса, мен де жаумын"

Жазушы 1936 жылы ВКП (б) қазақ өлкелік комитетінің ба з бөлім меңгерушісінің орынбасары, 1937 жылы Қазақстан компартиясы саяси-ағарту бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. Қазақстан орталық партия комитетінде түрлі жауапты қызметтер атқарды. Бірақ шындықтың бетіне тіке қарай алатын Ғабиттің іс-әрекеті кеңес иделогиясына кереғар бола бастайды.

Сталиндік репрессияның зияны Ғабит Мүсіреповке де тиді. Профессор Шериаздан Елеукенов бұл жағымсыз оқиға 1937 жылы болғанын айтады.

"Онда Ғабит Мүсірепов орталық партия комитетінде мәдениет бөлімін басқаратын. Ол жазушылар одағында жиналыс болып жатыр дегенді естіп, сонда барады. Онда отырған адамдар оған "Бейімбет деген жаудың досы келді" деп айтқан. Сонда Ғабекең "Бейімбет Майлиннің ұсталғанын білемін. Бірақ ол қате ұсталып жатыр. Бейімбет жау болса, мен де жаумын" деп, жиналыстан кетіп қалыпты", - дейді ғалым.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота