В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
тата246
тата246
06.02.2023 10:15 •  Қазақ тiлi

3-тапсырма. Берілген сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Синтаксистік талдау жасап кесемше тұлғалы етістіктердің қай сөйлем мүшесі қызметін атқарып тұрғандығын анықтаңдар 1. Нұраш жиналысқа кешікпей келді. 2. Баласы оқудан қайтқалы Дәурен екі мал сойды. 3. Самат таңертең келіп, кешке қайтты. 4. Төрде отырған жігіт жамбастап жата кетті. 5. Қал-жайыңызды білгелі келдік. 6. Мылжыңдап, малтып, міңгірлегенді місе тұтпайды. 7. Асқар суретке түсуге барғалы жатыр екен. 8. Ол ұрандап тұрып жылады, жылап тұрып күлд

Показать ответ
Ответ:
g3force
g3force
12.12.2021 09:00

Әсет: Әже, Наурыз көже деген не?

Әже: Балам, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін келер жылғы тоқшылық пен ырыс, құттың жоралғысы ретінде саналатын наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. Бұл күні әрбір үйде қазан оттан түспей, уыз қатырылып, сорпа сапырылады, наурызкөже дайындалады.

Әсет: Ол қандай тағамдардан әзірленеді?

Әже: Қазақ халқының дәстүрінде жеті саны киелі саналады, міне,ұлттық тағам наурыз көже де міндетті түрде жеті түрлі тағамнан әзірленеді. Олар: су, ет, арпа, тары немесе күріш, айран, құрт және тұз.

Әсет: Неліктен осы тағамардан ғана әзірленеді? Меніңше, оның өзінің мәнісі бар.

Әже: Әрине, балам. Ең негізгісі - ол су, яғни «келер ұрпақ судай тасып, көбейе берсін» деген мағына білдіреді. Әдетте, сүрленген ет қосылады, бұл «ет көп болсын» деген мағына білдіреді. Ал арпа болса, керемет емдік қасиеттері бар, сонымен қатар өте тойымды. Дәнді дақылдарды қосатын себеп (тары, күріш) бір тамырдан өсіп өнген дәндер секілді ұрпағымыз жайылып, көбейсін деген мағына жатыр.

Қазағым қашанда сүт тағамдарын «ақ» деп ерекше бағалаған, міне, наурыз көжеге де міндетті түрде айран немесе сүт қосылады, бұл бір жағынан «ақ мол болсын» дегенді білдірсе, екінші жағынан «сүттей ұйып отырайық, іргеміз берік болсын» деген ниет жатыр.

Ал құрт пен тұз болса, тамақтың дәмін келтіреді.

Әсет: Мен бұрын бұл тағамның маңыздылығын білмеппін. Сізге көмектесейін?

Әже: Әрине, жаным. Қолдарыңды жуып кел, бірге әзірлейік.

0,0(0 оценок)
Ответ:
madinagame5444
madinagame5444
14.06.2020 10:05
Колибри  (trochіlі) – ұзынқанатты құстар отрядының бір тармағы. колибридің қазіргі кезде бір тұқымдасқа жататын 321 түрі солтүстік және  оңтүстік америкаөңірінде кеңінен таралған. денесінің ұзындығы 5,7 см-ден – 21,6 см-ге дейін, салм. 1,5 – 20 г-дай. жер бетіндегі ең ұсақ құстар. қораздарының қауырсындары түрлі-түсті құлпырып тұрады, алмекиендерінің  түсі біркелкі болып келеді. тұмсықтары жіңішке әрі ұзын, кей түрінде иіліп келген, гүл шырындарын соруға бейімделген. төс сүйегінің қыры, бұлшық еттері жақсы жетілген. колибрилер тез ұшады, әрі ұшу бағытын үнемі өзгертіп отырады. кейбір ұсақ түрлері қанаттарын секундына 80 рет қаға алады. колибри, көбінесе, гүл шырындарымен, кейде өрмекшілермен де, жәндіктермен де қоректенеді. олардың денесінде зат алмасу өте қарқынды жүреді. жүрегі үлкен әрі қанның құрамындағы  гемоглобинніңмөлшері де көп.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота