3-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті одағайларды қойып оқыңыз. Түрлерін ажыратыңыз.
а) …….,физик болсам ғой!
b) …….! Мына бөрік сізге керемет жарасып тұр.
c) …….. , сонда қалай болды?
d) …….,қазіргі жастар қандай білімді!
Керекті сөздер: бәрекелді, пай-пай, ойпырмай, шіркін-ай
"Әуежайдағы танысу" диалог.
– Сәлеметсіз бе?Мына орын бос па екен?
– Сәлеметсіз.Әрине,бос.Отыра беріңіз.
– Жарайды.Рахмет.
– Қай жаққа жол тарттыңыз?
– Бұйырса Нұр-Сұлтанға.Сіз ше?
– Мен де.Атыңыз кім болады.
– Әмина.Сіздікі ше?
– Сәуле боламын.Танысқаныма қуаныштымын.
– Мен де.Жайша бара жатырсыз ба?
– Қызым оқиды Нұр-Сұлтанда.Бітіру кешіне барып келейін дегем.Өзіңіз?
– Жұмыс бабымен.Конференцияға қатынасу керек еді.
– Солай деңіз.Әуежай,вокзал дегенге 1-2 сағат бұрын ерте келіп отырмаса болмайды.
– Дұрыс айтасыз.Кешігесіз де қаласыз.Жолды жауып тастауы мүмкін мысалы.
– Мен солай кешігіп қалғам.Содан кейін ерте келіп отыратын болдым.
– Түсінікті... Біздің ұшақты хабарлап жатыр.Тұрайық.
– Жарайды, жүріңіз.