3-тапсырма. Берілген сөйлемдерге толық синтаксистік талдау жасаңыз. (4 ұпай) Халқымыздың ұлттық қасиеттерінің бірі іш тартқан адамын, жақын жұрағаттарын саяттыққа алып шығу болса, енді бір ерекшелігі жақсы көріп, ұнатқан адамын аққу, бұлбұл, сандуғаш, самұрық, тоты сияқты құстарға немесе ақмарал, ақбөкен секілді дала аңдарына теңеуі дер едік
Экология ғылымы адам мен табиғаттың, қоршаған ортаның, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің бір-бірімен арақатынасын, олардың үйлесімді дамуы мен сақталуын зерттейді.
Адам бойында сондай-ақ тәнқұмарлық, ашу, қырсықтық, ерегісу, қызғаныш сынды қисық мінездер де бар. Мәселе осы мінездерді өз ықтиярыңа бағындырып, дұрыс тәрбиелей білуде. Кез келген адам ар-ұжданды құрайтын – ақыл-қайрат, сезім сияқты қасиеттерін жетілдіре білсе кәміл адам болуға талпынып, әлемнің түпкі мазмұнын түсінеді. Таным көкжиегін барынша тереңдете алған адам ғана нәпсісіне, мансапқұмарлыққа, атаққұмарлыққа жеңілмей, үлкен күнәлардан аулақ тұрады. Сондай-ақ ол қызғанышқа барып, амалдарының сауабын зая етпейді және қырсықтықтан арылып, уақытын текке кетіруден сақтанады.
Адам бойындағы жаман қасиеттердің бірі – бірбеткейлік. Өзгенің дегеніне көне қоймайтын бірбеткей мінезден туатын көптеген ерегестердің арты үлкен ұрыс-төбелес, дау-дамайға, тіпті адам өліміне дейін апаратынын көз көріп, құлақ естіп жүрген жайт. Алайда бірбеткейлікті ақиқаттан бет бұрмауға тәрбиелей білген адам туралықтан таймайды.
В этом году у меня много свободного времени. Утром перед школой смотрю телевизор или включаю компьютер. По выходным мы с друзьями отправляемся на прогулки. Мы с подругами ходим в кино, гуляем по улицам, общаемся и весело проводим своё свободное время. Каждый раз мы очень ждем каникул. На зимних каникулах мы выезжаем за город с семьей и катаемся на горках. А на длинных летних каникулах с друзьями ходим в аквапарки и в парки. Я люблю весело проводить своё свободное время