Тәрбие басы - тал бесік демекші сондықтан келешек ұрпағымыз тәрбиелі болсын десек, кішкентай кезінен бастап отан сүйгіштікке, мақсаткерлікке, ақылдылыққа, қайырымдылыққа, әдептілікке, имандылыққа тәрбиелеу керек. «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» дегендей, атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуді арман етіп, Шыншыл, әділетті, иманды болу, сонау ата-бабамыздан келе жатқан дәстүріміз. Бұрынғы ата-бабаларымыз ұлттық салт-дәстүрімізді мықтап ұстауын талап еткен. Ал қазіргі тәрбиеміз бұрынғыдан қарағанда әлдеқайда көптеген өзгерістерге ұшыраған. Бұның себебі қазіргі тәрбиемізде десек артық айтқандық болмас.
Тәрбие арқылы адам тағдыры шешілетінін, оның білімді тұлға болып қалыптасатынын, елдің берік тірегі болатынын көрсетеді. Балалар тәрбиесіне, келер ұрпақ тәрбиесіне қай кезеңде болса да, қай елде, қай ұлтта болмасын үлкен мән берілген ғой. Өйткені бала – біздің болашағымыз. Ол үшін балаларды жаман, жақсы деп бөлмей, бірлесіп, аяғынан нық тұруға көмектесу керек. Нашар бала болмайды. Бау-бақшаны баптап, күтіп суарсаң ғана жемісіне кенелесің. Сол сияқты баланың теріс мінездерін үнемі қадағалап, түзету – қоршаған ортаның, яғни ата-ана мен мектептің міндеті. Өмір шындығына жүгінсек, тәрбие бастауы, оның қайнар көзі, ананың сүтінен нәр алып өскен ортасына тікелей байланысты.
«Тәрбие басы – тал бесік», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің!» деген қазақтың мағыналы сөздерінде үлкен астар бар сияқты. Алайда, жұмысымызда байқап жүргеніміздей ата-аналарымыздың бала тәрбиесі жайлы көзқарастарында елеулі қателіктер де көрініс беруде. Кейбір ата-аналар: «Баламды киіммен, тамақпен қамтамасыз етем, білім, тәрбие беру – мектептің ісі» деп түсінетін ата-аналар да кездеседі. Бала тәрбиесін тек мектепке ғана аударып қоймай, ата-ана, мектеп, қоғамдық ұйымдар бірлесе отырып жұмыс жасау, ұстаздар үшін де, ата-аналар үшін де тиімді.
Еліміздің егемендігін алып, тәуелсіздік туы биікке көтерілген қазіргі кезеңде балаларды қоғамның лайықты ізбасары етіп дайындау, тәрбиелеп шығару үшін мектепте оқу, тәрбие жұмыстарын көбейтіп, ұлттық ұлағаттылыққа баулып отыруымыз қажет. Қазіргі заман талабына сай оқу-тәрбие жұмысының түрлері, өткізу іс-шаралары үнемі өзгеріп, жаңарып, дамып отыр.
Өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын мектеп болғандықтан, бұрынғыдан да зор жауапкершілік артуда. Әр шәкірт мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп ешуақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, өз бетінше жеке мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, көпшілікпен біте қайнасқан. Осы тұрғыдан алғанда мектеп – бала мен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жеке адамның дамуына және қалыптасуында әртүрлі факторлардың үйлестіріп, біріктірудің орталығы. Мұнда тәрбие түрлерінің сан алуаны жүзеге асырылады.

Объяснение:

Арасынан алып жазыңыз