3-тапсырма. Ережеге сүйеніп, сөйлемдегі кідірістің қызметін анықтаңдар. 1. Қазір Еркебұлан // сол ақ отаудың төрінде // жалғыз отыр (Б.М.). 2. Құнанбай Ұлжан жанына отырды да // Кәкіш пен Абайдың жүздеріне қарады (М.Ə.). 3. Таяқ тиген жер жаныма батып барады // алайда сыр берген жоқпын (Б.М.). 4. Жауынгерлер // орындарынан көтеріліп // ілгері жүгірді (ТА). 5. Соғысқа кіргелі // ерлік, батырлық көрсетем деген ойды | Ержан ұмыта бастаған (Т.А.). 6. Өмір мектебі деген мектеп те бар // мұнда қалың көпшілік үздіксіз тәрбиеленіп жатады (М.Қ.).
Ж А Р Н А М А
"Нағыз қазақ - қазақ емес,нағыз қазақ - домбыра" дегендей, халқымыздың көне екі ішекті,көп пернелі музыкалық аспабын шебер істейтін жаңадан ашылған домбыра шеберханасының есігі сіздерге әрдайым ашық.Мұнда қарапайым домбырадан бастап,торсық,тұмар,кең шанақты,балдырған,балалық,шіңкілдіек,аша,үш ішекті,қуыс мойын,шертер т.б түрлерін таба аласыздар.Немесе қалауыңызша жасап та береміз!Келіңіздер,көріңіздер!
Мекен-жайымыз: А.Құнанбаев көшесі,№45 ғимарат,"Қазақ" домбыра шеберханасы.
Байланыс телефоны: 8(705)8903478.