3- тапсырма. Етістерді теріп жазып, етістің төрт түрін анықтап жаз. Өнер білім бар жұрттар тастан сарай салғызды. Әлі ешбір белгі білінбейді, Кеш батты түн бола бастады. Баламды медресеге біл деп бердім. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін. Ағам қаладан, ауылға келе жатыр. Жақсы жұмыстан жан рахат алады. Оқушылар ерте тұрып жуынды. Ол баласына өлең айтқызды. Үй иесі бізге малды күзеттірді. Балалар кітап оқуға уәде берілді. Сынып тазаланды. Жолаушыларды Ахмет баскарды. Адам тізбегі он километр бойына созылған. Әр звеноға жер өлшеп берілген. Жолаушылар өзара емес эпектіршілермен жарысуда. Әрқилы адамдар көрінді.
1-билет
Дауыссыздар 3 ке жіктеледі:қатаң, ұяң, үнді
Дауыстылар тілдің қатысына қарай:жуан, жіңішке.
Жақтың қатысына қарай:ашық, қысаң.
Ерін мен езудің қатысына қарай:еріндік, езулік.
Фонетикалық талдау:
Хабар- 5 әріп, 5 дыбыс, 3 дауыссыз, 2 дауысты
Х-д-сыз, қатаң
А-Д-ты, жуан, ашық, езулік
Б-д-сыз, ұяң
А-Д-ты, жуан, ашық, езулік
Р-д-сыз, үнді
Жаңалық- 7 әріп, 7 дыбыс, 4 дауыссыз, 3 дауысты
Ж-д-сыз, ұяң
А-Д-ты, жуан, ашық, езулік
Ң-д-сыз, үнді
А-Д-ты, жуан, ашық, езулік
Л-д-сыз, үнді
Ы-д-ты, жуан, қысаң, езулік
Қ-д-сыз, қатаң
2-билет
Үндестік заңы 2-ге бөлінеді: буын үндестігі, дыбыс үндестігі. Буын үндестігі сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келуін айтады. мысалы: Әже, инелік. Ата, инабат, уақыт.
Дыбыс үндестігі сөз ішіндегі қатар келген 2 дыбыстың бір-біріне ықпал етуі. Дыбыс үндестігі 3-ке бөлінеді: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал.
Берілген сөздерге жалғау жаса:суретші-ні, көрме-ні, өнертанушы-ны, көрермен-ді, шығарма-ны.
3-билет
Түбір – сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін, лексикалық мағынасын сақтаған негізгі бөлігі.
Қосымша – түбірге жалғанып, оның лексикалық немесе грамматикалық мағынасын өзгертетін, сөздерді өзара байланысқа түсіретін морфема.
Сөз құрамына талда: мұражайлардан- мұражай-түбір, лар, дан-жалғау, суретшілердің- сурет-түбір, ші-жұрнақ, лер, дің-жалғау, құндылықтарын--құнды-түбір, лық, тар, ын-жалғау.
1. Синонимнің анықтамасын көрсетіңіз.
A) Мағыналары жақын сөздер.
2. Антонимдерді анықтаңыз.
A) астында-үстінде
3. Қатаң, ұяң, үнді дыбыстардан басталған сөздер қатарын анықтаңыз.
D) қаймақ, заман, нағыз
4. Буын түрлерін белгілеңіз.
C) Ашық, бітеу, тұйық
5. “Түбір” сөзінің орысша баламасын анықтаңыз.
A) Корень.
6. Туынды түбірлі етістіктерді анықтаңыз.
E) Қойшы, қой.
7. Етістіктің рай атауын көрсетіңіз.
D) Қалау.
8. Есептік сан есімді табыңыз.
B) Екі мың он бес.
9. Бағыныңқы және басыңқы сөйлемнен тұратын құрмаластың түрін анықтаңыз.
B) Сабақтас құрмалас сөйлем.
10. Баяндауыштың сөйлемдегі орнын көрсетіңіз.
D) Сөйлемнің соңында.
11. Отбасы тақырыбындағы мақал-мәтелді белгілеңіз.
D) Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар.
12. Ашық буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.
E) Дала, жаға, сары.
13. Түбірлес сөздерді табыңыз.
D) Жүз, жүзік.
14. Күрделі етістігі бар сөйлемді табыңыз.
A) Боран соға бастады.
15. Тәуелденіп септелген сөзді табыңыз.
B) Баласын.
16. Күрделі бастауышты көрсетіңіз.
E) Астана қаласы – Қазақстанның бас қаласы.
17. Қаратпа сөзі бар сөйлемді анықтаңыз.
A) Жарайсыңдар, жігіттер!
18. Антоним жоқ мақал-мәтелді белгілеңіз.
D) Оқыған ұл атасынан да үлкен.
19. Сөйлемде анықтауыш қызметін атқарып тұрған жалпылау есімдігін табыңыз.
B) Өлеңге әркімнің де бар таласы.
20. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
D) Ол киім сатып алу үшін, дүкенге келді.