3 тапсырма. Күшейткіш үстеулерді тауып, синонимдік қатар жасаңыздар. 1. Содан бері қысқы жүні жетіліп, өңі ажарланып, қатты құлпырып қалған. 2. Осы кезде созыла шапқылаған тосушылардың барлығы да мүлдем шаршаған болатын 3. Мұнда бүгін аса үлкен әбігер бар. Абай мен оның барлық үй-іштері, іні шәкірт, достары үшін ең қадірлі әбігер. 4. Тауық етінен жасаған бұл кеспе өте дәмді піскен екен
Менің ұлым авар анасы үйреткен тілді ұмытпауға тиіс» деп басталатын бұл эссенің мағынасы тереңде. Тіліңді ұмытқаның – еліңді, тарихыңды, анаңның ақ сүтін ұмытқанмен пара пар деген түпкі идея жатыр. Тілін ұмытқан кез келген адам – өткенін де бүгінін де мәңгі ұмытты деген сөз. Бұл эсседе өз ана тіліңді ұмытып өзге елде ғұмыр кешкенше, тірі басып жүрмей-ақ қойғаның абзал деген мазмұн бар.
«Ана тілім! Сен маған ризасың ба, білмеймін, бірақ менің тірлігім-сенсің, мен сені мақтан етем. Сонау тұңғиық терең жер түбінен жарыққа, күнге, жасыл шөпке асыққан бұлақ суындай ана тілімнің сөздері тірлігімнен қайнап шығып, алқымыма тіреледі.Ернім күбірлейді.Өз күбіріме өзім құлақ тігем, ана тілім, саған құлақ тігем, сонда маған бейне тұңғиықтан шымырлап шыққан таудың асау өзені елестейді.Мен болаттың сыңғырын ұнатам, қынабынан суырылған екі қанжардың бір-біріне соғылған дыбысын сүйем.Осының бәрі менің тілімде бар» – деп дағыстан ақыны тілін, елін тебірене сөз етеді.
Объяснение: