Көптен күткен жылдың ең әсем жыл мезгілі – көктем де келіп жетті. Биылғы жылы қыс қатты болған соң, күн кеш жылынды. Табиғат ана қысқы ұйқысынан оянып, жер жүзі құлпыра түсті. Жылы жақтан құстар қайтып, "көктем келді" бір - бірімен жарыса айналаға жар салуда. Жердің бетіндегі қар еріп, алғашқы бәйшешектер де шыға бастады. Айнала әсем күйге еніп, табиғат жандана түсті. Осындай көктемнің шырайлы күндерінің бірінде демалыста отбасымызбен табиғат аясына серуендеуге шықтық. Қала сыртындағы орманда таза ауамен тыныстап, құстардың сыңғырлаған әсем әндерін тыңдап, біраз серуендеп үйге қайттық.
Менің арманымдағы болашақ мектебім Болашақтағы мектебіңнің қандай болатындығын армандаған қандай қызық. Мен өзімнің қазіргі мектебімді ұнамайды деп те айта алмаймын. Менің ойымша, он жыл өткеннен кейін тіпті жүз жылдан кейін мектептегі білім беру түбегейлі өзгеретіндігі сөзсіз. Болашағымыз қандай болатындығын армандау да қиын. Алайда, мен өзімнің болашақтағы мектебімнің қандай болатындығын сәл ғана армандағым келеді. Келешектегі мектепте оқушылар сынып бөлмелерінде кітаптағы дайын мәліметтерді қарап көп отырмайды. Мысалы, биология пәнін даладағы әсем табиғат аясында оқитын болады. Әрбір өсімдіктердің немесе жануарлардың түрлерін тек тірі күйінде көре алады. Шетел тілдері пәндерін әрбір елдерге барып оқиды. Оқушылар ағылшын тілі мұғалімімен бірге жарты жылға Англияға барып, сол жердегі жергілікті тұрғындармен әңгімелесе жүріп тілді жылдам үйренетін болады. География пәнін де осылай оқыса керемет болар еді! Астрономия пәнінде арнайы салынған ғарыш кемелерінде жүріп, жұлдыздар әлеміне саяхатқа барса, шіркін! Менің арманымдағы болашақтағы мектепте оқушыларға бесінші сыныптан бастап тереңдетілген бағыттар бойынша білім берілетін болады. Егер сен тіл, әдебиет пәніне жақын болсаң, гуманитарлық бағытта, математика мен физиканы жақсы көретін болсаң, математикалық бағытта оқисың. Бұл оқушылардың болашақта мамандықтарын дұрыс таңдауларына көп септігін тигізеді. Болашақтағы мектепте бағалау мүлдем болмайды. Өйткені мектеп оқушылары тек қана материалдарды меңгеріп қана қоймай, ғылыми және шығармашылық жұмыстарды қоса орындайтын болады. Содан кейін арнайы конференцияларда жобаларын қорғап, нәтижеге қол жеткізіп отырады. Менің арманымдағы мектеп барлық оқушыларға ұнайды. Мұндай мектепте оқу өте қызық. Ешкімді мектепте оқуға тиістісің деп қинамайды. Ешқандай оқушы сабақты босатқысы келмейді. Мен арманымдағы болашақ мектептің шынында да керемет болатынына сенімдімін.
Табиғатқа саяхат.
Көптен күткен жылдың ең әсем жыл мезгілі – көктем де келіп жетті. Биылғы жылы қыс қатты болған соң, күн кеш жылынды. Табиғат ана қысқы ұйқысынан оянып, жер жүзі құлпыра түсті. Жылы жақтан құстар қайтып, "көктем келді" бір - бірімен жарыса айналаға жар салуда. Жердің бетіндегі қар еріп, алғашқы бәйшешектер де шыға бастады. Айнала әсем күйге еніп, табиғат жандана түсті. Осындай көктемнің шырайлы күндерінің бірінде демалыста отбасымызбен табиғат аясына серуендеуге шықтық. Қала сыртындағы орманда таза ауамен тыныстап, құстардың сыңғырлаған әсем әндерін тыңдап, біраз серуендеп үйге қайттық.
Болашақтағы мектебіңнің қандай болатындығын армандаған қандай қызық. Мен өзімнің қазіргі мектебімді ұнамайды деп те айта алмаймын. Менің ойымша, он жыл өткеннен кейін тіпті жүз жылдан кейін мектептегі білім беру түбегейлі өзгеретіндігі сөзсіз. Болашағымыз қандай болатындығын армандау да қиын. Алайда, мен өзімнің болашақтағы мектебімнің қандай болатындығын сәл ғана армандағым келеді.
Келешектегі мектепте оқушылар сынып бөлмелерінде кітаптағы дайын мәліметтерді қарап көп отырмайды. Мысалы, биология пәнін даладағы әсем табиғат аясында оқитын болады. Әрбір өсімдіктердің немесе жануарлардың түрлерін тек тірі күйінде көре алады. Шетел тілдері пәндерін әрбір елдерге барып оқиды. Оқушылар ағылшын тілі мұғалімімен бірге жарты жылға Англияға барып, сол жердегі жергілікті тұрғындармен әңгімелесе жүріп тілді жылдам үйренетін болады. География пәнін де осылай оқыса керемет болар еді! Астрономия пәнінде арнайы салынған ғарыш кемелерінде жүріп, жұлдыздар әлеміне саяхатқа барса, шіркін!
Менің арманымдағы болашақтағы мектепте оқушыларға бесінші сыныптан бастап тереңдетілген бағыттар бойынша білім берілетін болады. Егер сен тіл, әдебиет пәніне жақын болсаң, гуманитарлық бағытта, математика мен физиканы жақсы көретін болсаң, математикалық бағытта оқисың. Бұл оқушылардың болашақта мамандықтарын дұрыс таңдауларына көп септігін тигізеді.
Болашақтағы мектепте бағалау мүлдем болмайды. Өйткені мектеп оқушылары тек қана материалдарды меңгеріп қана қоймай, ғылыми және шығармашылық жұмыстарды қоса орындайтын болады. Содан кейін арнайы конференцияларда жобаларын қорғап, нәтижеге қол жеткізіп отырады.
Менің арманымдағы мектеп барлық оқушыларға ұнайды. Мұндай мектепте оқу өте қызық. Ешкімді мектепте оқуға тиістісің деп қинамайды. Ешқандай оқушы сабақты босатқысы келмейді. Мен арманымдағы болашақ мектептің шынында да керемет болатынына сенімдімін.