3-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар. Тау дейтін алып жүрек Ана туған
Мен – таулықпын!
Таудан мен жаратылғам.
Киіктің сүтін еміп ержеткенмін
Қуат алып қыранның қанатынан
Мен – таулықпын!
Таудан мен жаратылғам.
Бұлт бүркеніп, жай отын ала туғам
Күн алғашқы сәулесін маған шашып
Маған келіп түнейді қара тұман
Тау ұлымын
Тау –менің дәу бесігім
Мен оның әуресімін, сәулесімін.
Асқар шыңдар желпиді бесігімді
Бір орамын ағытып сәлдесінің.
Мен – таулықпын!
Таудан мен жаратылғам.
Тау деген Ана туған дара тұлғам
Тауға барып Көкке ұшып кетсем бе екен
Ұстап алып қыранның қанатынан.
Сұрақтарға жауап бер.
1. өлең не туралы?
2. өлеңдегі қыран құсты «таулыққа» теңеуге бола ма?
3. ақын неге өзін «таулықпын» деп атайды?
4. тауды кімге теңейді?
5. өлеңде тау ұлының қандай қасиеті сипатталған?
"Бәйтерек монументі" туралы диалог.
– Сәлем,Жайна!
– Сәлем,Арман!
– Қалың қалай? Нұр-Сұлтанда жайша жүрсің бе?
– Жаман емес,өзіңде ше? Ия,қыдырып келгем.
– Менде де бәрі жақсы.Керемет!Ендеше біздің үйге қонақ боп кет.
– Жоқ,ниетіңе рахмет!Қонақ үйде аялдауды жөн көрдім.
– Онда жүр жақын жерде Бәйтерек монументі бар,соны таныстырып қайтайын.
– Жарайды.
– Бәйтерек – қаламыздағы сәулет құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі.
– Бұл ғимараттың авторлары кім екен?
– «Бәйтерек» кешенін жобалаушы архитекторлар тобы:А.Рүстембеков, С.Базарбаев пен Ж.Айтбалаев, инженер-конструкторы М.Вахштейн, интерьер дизайншысы А.Оспанов.
– Шебер адамдар екен.
– Ия.Ал сен білесің бе Бәйтеректің биіктігі неге 97 м екендігін?
– Жоқ,неге?
– Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған.
– Мәссаған!
– «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен.
– Керемет!Мен оны тезірек көргім келеді.
– Олай болса жүр,асығайық!
Ескерткіш Жобаның авторы - атақты ағылшын сәулетшісі Норман Фостер. 105 метр - ғимараттың биіктігі допты 97 метр, тәжінің жобалау болып табылады. Диаметрі алтын жалатылған шар 22 метр. Төменгі деңгей төрт жарым метр тереңдікке кетеді, кафе, аквариум және Mini «Бәйтерек» бар, онда. Жерден сіз жоғарғы деңгейге лифт кетуі мүмкін - доп, бар және панорамалық зал ішінде табылады. Келушілер үшін саяхат қазақ, орыс және шет тілдерінде бар.