3-тапсырма Өлеңді оқы. Сұраққа жауап жаз. ( письменно ответьте на вопросы по содержанию стихотворения) 110-бет Ақұштап Бақтыгереева — қазақтың , жайықтың ақ шағаласы атанған ақын қызы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері "Алаш" Халықаралық әдеби сыйлығының иегері.
"Ақжайық арнаға түс арындама"
Ақ жайық, арнаға түс арындама
Ару Жайық, ерке өзен, сабырлағын,
Бұл көктемде сен неге арындадың?
Құм мен тастан өрілген жарқабаққа
Ғажап болды-ау осынша бағынбауың.
Жайсаң қызға ел сені тең деп еді,
Мінезіңді адуын көрмеп еді.
Әлде сенің жанынды қинады ма,
Жарты ғасыр Нарынның шөлдегені.
Табиғатқа, тағдырға бағындың да,
Қыста ұйықтадың мүз көрпе жамылдың да.
Ақ айдынға аққулар еркелейтін,
Бір дәуренді өзің де сағындың ба?
Өлең бойынша сұрақтарға жауап жаз
А.Бақтыгереевнаның өлеңі не туралы?
Жайық қандай мінез көрсетті?
Ол нені сағынды?
Тас дәуірі – адамзат тарихындағы ең ұзақ мәдени-тарихи кезең. 3 кезеңге (ежелгі, орта, жаңа) бөлінеді. Шамамен б. з. б. 2,6 млн - б.з.б. 3 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Тас дəуірі ескерткіштері Қазақстанның барлық аймақтарынан кездеседі.
Қола дәуірі – адамзат қоғамындағы тарихи-мәдени кезең. Ол қола металлургиясының кең қанат жайып, еңбек құралдары мен қару-жарақ жасауға арналған негізгі материалға айналуымен сипатталады. Бұл кезде неолит дәуірінің мәдениеті дамып, металл игеріле бастады. Негізінен, қола дәуірі мәдениеттері осы металл кендері көп жерлерде дамыды. Мұндай өңірлерде дайындалған қола бұйымдар бірте-бірте іргелес жатқан жерлерге де тарады. А мысты энеолит дәуірінде игерген болатын. Оған қарағанда, қоланың қатты әрі берік болуы құрал-саймандардың сапасын арттырып, еңбек өнімділігін жоғарылата түсті. Қола дәуірінің хронологиялық шегі б.з.б. 4-мыңжылдықтың аяғы мен б.з.б. 1-мыңжылдықтың басын қамтиды. Ежелгі қола құралдары Оңтүстік Иран, Түркия мен Месопотамиядан табылды.