3-тапсырма. Мәтінді оқы. Бірге, бөлек, дефис арқылы жазылған сөздерді тап. Айша бибі кесенесі
Ертеде Қарахан атты батыр өмір сүрген деседі. Ол Айша бибі
деген қызға ғашық болыпты. Бірақ Айша бибінің әкесі мен Қарахан
батыр бір-біріне қас екен. Сол себептен де қызды қолдан алуға үміт
етпеген Қарахан бір күні Айша бибіні алып қашады. Сонда әкесі
жендеттерін жіберіп, екеуін де өлтіруге бұйырады.
Қос ғашық қуғыннан қашып, ұзақ шабады. Шаба-шаба шар-
шаған Айша бала кезінен өскен жері Аса өзеніне шомылмақ болып,
суға түседі. Осы кезде қыздың әкесі жіберген жендеттер Айшаның
сәукелесiне улы жылан салып жібереді. Суға шомылып, көңілі
шаттанған Айша сәукелесін киген кезде жылан
танып, әлсірей бастайды. Қарахан Айшаны көтеріп алып, жақын
маңдағы ауылға апарып, молдаға некесін қидырады Айша бибінің
демі бітіп, батырдың қолында көз жұмады.
ағып, есінен
54
Шығарманың үзінділеріндегі эстетикалық құндылықтарды анықтай отырып, төмендегі тақырыптардың біріне 70-80 сөзден кем емес сыни шолу жазыңыз.
«Жаюлы сөреден құрт алып үлгерген аяқ-қолы шидей, алтылар шамасындағы ұл бала табалдырықты кесіп тұра қалды».
«Иегі шығыңқы, ірі, қапсағай жігіт кішкене ескі домбыраның ішектерін арбиған саусақтарымен еріне шертіп, құлағын бұрады».
«Көп ұзамай ауыл қонақтары да жиналып қалды. Ерекең сыртқа шығып, қой-ешкілерін жинап, бір семіз тоқтысын ұстап бауыздап, ... бір жігітке терісін іреттіртті»
Тақырыптар:
1. «Құрттың адам ағзасына пайдасы»
2. «Домбыраның қасиеті мен құдіреті»
3. «Қонақ келсе, құт келгені» Халқымыздың қонақжайлылығы жайында не айта аласың?
қазақ әдебиеті 7 сынып Төлен Әбдіков "Қонақтар тірік жазбай көмектесіндерш ср
Әміре 1888 жылы Семей облысы, Абралы ауданына қарасты Дегелең тауының етегінде туды.
Әкесі Қашаубай кедей адам болған. Ауылды жерде тиянақты кәсіп болмаған соң, Қашаубай көп ұзамай Семейге көшіп барды.Қалада да кәсіп істеу оңай болған жоқ. Дала байы мен қала байының кедейдің, жалшының еңбегін жеуде қандай айырмасы болсын, Әміре әрең дегенде үй ішін асырап тұрды. Қашаубайдың денсаулығы күннен күнге нашарлап, жұмысқа жарамайтын халге келді.Әміренің шешесі Тойған да үй ішінің ұсақ-түйегі болмаса білекпен келетін ауыр жұмысқа жарамады.Барлық ауыртпалық Әміренің мойнына түсіп, Жаңа Семей жағында тұратын Исабек деген байдың көлік айдаушысы болады. Осы жұмыста Әміре үнемі әндетіп өлең айтып жүретін. Ат айдаушы екенін ұмытып, әннің қызығына түсіп, қожасынан сөгістер алып қалатын.. Әкесінде айта қалғандай өнер жоқ болса да «жаман» Қашаубайдың баласының музыкаға деген қабілеті оның атшылығынан бұрын «әнші бала», бері келе «әнші жігіт» деген атағын шығарды.Бүкіл Жаңа Семейдегі ойын -сауық Әміресіз өтпейтін болды. Әншілігінің үстіне әсем мінезді, ақ көңіл жігіт халықтың назарын үнемі өзіне тез аударып алатын. Осындай екі бірдей қасиетінің арқасында Әміренің атағы көп ұзамай Ертісті кесіп өтіп, Семей қаласына жетті. Әміренің дауысы түнгі Семейді тегіс аралап, әнқұмар қауым құлақтарын тосып тыңдап ләззат алды. Исабекпен есеп айырысып, Арқа әншілерінің Мекесі болған Қояндыға жол тартты. Қояндыға келуі, әнші үшін ән дүниесін ашуына себепші болды.1925 жылы Халық Ағарту комиссары Луначарскийдің шақыруымен Парижде болатын дүниежүзілік көрмеде қойылатын этнографиялық концертке қатысуға жолдама алды. Париж сахнасында әнші өзінің сүйікті «Ағаш аяқ», «Үш дос», «Екі жирен», «Дудар», «Қос барабан», «Қызыл бидай» әндерін орындады.Әміре Парижден елге келген соң, онда көп бола алмай, күзге қарай Қызылордаға келіп, ол кездегі Қазақстанның астанасында ашылғалы жатқан театр труппасына жұмысқа кіреді. 1926 жылы Мұхтар Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасымен қазақ тарихында бірінші рет Әміре қойшы Жапалдың ролін ойнайды.1927 жылы Әміре Москваға шақырылады. Советтер съезінде концертке шығып, үлкен табысқа ие болады. Сол жылы Германияның Франкфурт- на Майне қаласында болатын дүние жүзілік музыкалық көрмеге жіберіледі. Әнші Франкфурттың үлкен театрында 9 концерт берді. Әміре осы жерде екінші рет көзге түсті. Ол қазақ халқының ән байлығын шетке көрсетіп жүрген өнер қайраткерлерінің ішіндегі ең жас әнші еді.Әнші Қызылордаға қайтады. 1928 жылы театр Алматыға көшкенде, театрмен бірге Алматыға келеді. Қаракөзде Доскелді, Айман — Шолпанда Жарастың бейнелерін сомдады.1934 жылы музыкалық театрға ауысады, бірақ көп ұзамай қайтыс болады.
Әміре — ұлы әнші, азамат, Үздік әншілік өнері қазақ халқының бай өнерін дүние жүзіне паш етті. Заманымыздың ұлы жазушысы М.Әуезов «Әміренің әнінде ақындық тазалықтың шамшырағы жанғандай. Әміре әншіліктің ақыны» деген еді.