3-тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтінге тақырып қой. Хан ием, маңғұл түмендері Сүйіндік асуы арқылы Қаратаудан бері
асып келе жатыр.
Алдағы қол кімдікі екен? – деді Иланшы Қадырхан.
Меркіт ханы Арсылан көрінеді, - деді Баршын.
Ошақбай батырдың өзі қайда?
Топ жігітімен жау алдына аттанған.
Иланшы Қадырхан жанындағы Мақсұтқа қарап, жарлық жасады:
- Қос дабыл ұрыңдар! - деді.
Бұл – ел басына қатер төнгенде қолды түгел дүрс көтеретін белгі болатын.
Иланшы Қадырхан тұлпарын көсілтіп ортаға шықты. Жау жағын қалт
кідірткен зор дауыспен «Жекпе-жек!» деген сөзді үш мәрте қайталады...
Иланшы Қадырханға қарсы Тоғышар ноян шықты. «Ә-ә!» - десiп шабысқан
әуелгі шайқаста маңғұлдың қылышы қақ бөлінді...
Қазақша қазан айының басында Отырарға сұрапыл соңы әкелген тас
атқыштар соғысы басталған. Жау Отырарды жан-жағынан қаумалап, ата бастады.
Иланшы Қадырхан қасына Хисамеддин мен Исмаилды ертіп, Күмбез
сарайға аттанды. Фараби кітапханасына келіп жетті. Түн жамылып кітап-
хананы көшіруге жарлық жасады. Әуелі кітаптар қатталып, буылды, сыр-
тынан ылғал өтпейтіндей етіп терімен оралды, орамдарды қыш құмыраға
Тоғытты; қыш құмыраның аузы сазбен сыланды. Ең сенімді деген жігіт-
тер әзір болған құмыраларды түйеге артып, Көкмардан мешітіне тасыды.
Мешітке жеткен қыруар құмыраны жерасты кeлиясына түсірді. Иланшы
Қадырхан қазынаны өз қолымен жайғастырды. Таң ата Фараби кітапханасы
жерасты мекеніне түгел тығылып біткен.
Д. Досжанның «Жібек жолы» романынан можно составить планпо тексту нужно
Мәтін тақырыбы: Иланшы Қадырхан қазынасы
Объяснение: